№11 қараша, 2022
Биыл елімізде айтулы даталар мен кешелі-бүгінгі белгілі-белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлерінің толып жатқан мерейтойлары атап өтілді. Солардың ішінде Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының, еліміздің ең жоғарғы марапаты «Еңбек Ері» құрметті атағының иегері есімі елімізге ғана емес әлемнің алты құрлығының әдебиет пен өнерсүйер жұртына мәшһүр дара дарын иесі Дулат Исабековтың 80 жылдық мерейтойы мемлекеттік жоғары деңгейде дүркірете тойланып өтті. Мерейтой Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қалқтрейтойға еліміздің жоғары дәрежедегі мемлекет және қоғам қайраткерлері көптеп келді.
Иә, биылғы қазан айының 14-17 күндері өткен дүбірлі тойға келген халықтың көптігінде есеп болмады. Басы Түркия, Грузия, Австралия мемлекеттерінің театрларымен бірге алты мемлекет театр ұжымдарының қатысуымен өткен театр фестиваліне келуші қарақұрым көрермен толқыны Алматыдағы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театрына, Алматы және Қ. Қожамияров атындағы ұйғыр театрына бірнеше күн бойы ағылумен болды.
Неге дейсіз ғой?! Бір ауыз сөзбен айтар болсақ Дулат Исабеков өзінің қай шығармасында да – мейлі ол әңгіме, мейлі хикаят, мейлі роман, мейлі пьеса болсын, соның бәрінде де әуелі өзінің туған халқы қазақтың, одан қалды бүкіл адамзаттың қуанса-қуанышына, шаттанса-шаттығына, қайғырса-қайғысына ортақ бірегей жаратылыс екенін көрсете де, дәлелдеп те берген және оның айдай анық екенін бүгінде әлем мойындаған ұлы қаламгер. Егер нағыз дүлдүл дарын иесінің а толғауы тоқсан тартымды тіл, терең тағлымды ой-толғаныс, тегеурінді тұжырым, парасат пен пайым, шырайлы бояуға толы суреткерлік тәрізді басты-басты қасиеттер тән д қың бәрі бар деп батыл айта аламыз.
Дулат Исабеков 1942 жылы 20 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысы (қазіргі Түркістан) Арыс ауданы (қазіргі Сайрам), «Ленин жолы» ұжымшарында дүниеге келген. Әкесі Алдабергенов Исабек Екінші жаһан соғысында, Сталинград шайқасында қаза болған. Ал анасы Күміскүл 1956 жылы дүниеден өткен. Ол ағалары Нәбиалхан мен Пәрмен (1937, 1940 жыл туғандар) үшеуі ата-анасыз жетім қалған соң, тұрмыстағы әпкелері Бибіқали мен Күлайна үлкен ағасы Нәбиалхан үйленгенге шейін осы екі балаға бас-көз, қамқоршы болады. Жазушының қалың жұртшылыққа өте әйгілі пьесасы «Әпке» міне, ата-анадан жастай айрылған інісіне деген шексіз мейірбандығы туралы зор тебіреніспен жазылған шоқтығы биік туынды.
Жазушы сол кездегі жалғыз университет – Алматыдағы С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетіне оқуға түскенге шейін Монтай тас ауылында екі жыл монтер боп жұмыс істеген.
Жазушының алғашқы шығармасы «Жолда» деген әңгімесі болатын. Ол әңгіме 1963 жылы Қазақстан Жазушылар Одағының «Замандастар» деген әңгімелер жинағына енеді. Ал «Шойынқұлақ» атты әңгімесі де дәл осы жылы республикалық «Лениншіл жас» газетінің үш нөміріне жарияланады. Сөйтіп, жазушыны ең алғаш қалың еліне жас жазушы ретінде танытқан осы екі әңгімесі болды. Ал 1966 жылы университеттің соңғы курсында оқып жүрген шағында оның «Бекет» деген повесі мен әңгімелер жинағы жеке кітап болып шықты.
Содан бері Дулат Исабековтың ондаған повестер мен әңгімелер және драмалық шығармалары әуелі (1992 жылы), сосын бес томдық (2003) болып қалың елдің құмарта оқитын ең сүйікті кітаптарының біріне айналды. Осы аталғакөий писатель» баспасынан «Отчий дом» (1979 ж.), «Новоселье в старом доме» (1986 ж.), сосын «Русская книга» баспасынан «Транзитный пассажир» (2003ж.) атты жеке кітап болып прі неміс, чех, болгар, венгр, қытай, түрік тілдерінде жарық көрді. Бір сөзбен айтқанда Д.Исабековтың қаламынан шыққан дүниелердің бәрі дерлік одақтас республикалардың әммесінде жарық көрді.
Бүгінде Дулат Исабековтың драма жанрындағы шығармаларының өзі жиырмаға жуық десек олардың барлығы дерлік қазақ театрларының сахналарында қойылып келеді.
Д. Исабековтың қаламынан шыққан тамаша туындылары бойынша «Гауһартас» (1975 ж.), «Дермене» (1994 ж.), «Тауқымет» («Тіршілік» повесі бойынша, 1998 ж.), «Лоторея» (2013ж.), «Балуан Шолақ» (2019 ж.) деген бірнеше көркем фильмдер түсірілген.
Қаламгердің «Ай-Петри ақиқаты» атты повестер мен әңгімелер жинағы тәуелсіз Қазақ Республикасының тұңғыш Мемлекеттік сыйлығына ие болды. Ол – ҚР Мемлекеттік сыйлығының, Қазақ ПЕН-клубының және тәуелсіз «Платиналы тарлан» сыйлығының лауреаты.
Бүгінгі таңда Д.Исабеков – «Мәдениет» журналының шығарушысы және Бас редакторы.
2012 жылы қаламгердің 70 жылдық мерейтойына орай оның 7 томдық таңдамалы шығармалар жинағы және студент жастардың сұрауы бойынша «Қарғын» романы 10000 данамен жеке кітап боп жарыққа шықты.
Сол 2012 жылдың 10-16 қазан аралығында Алматы қаласында ҚР Ақпарат және Мәдениет министрлігінің ұйымдастыруымен «Исабеков әлемі» деген атпен халықаралық театр фестивалі, ал 2014 жылғы сәуір айының 6-12 аралығында Ұлыбританияның астанасы Лондон қаласында «Қазақ әдебиетінің апталығы» деген айдармен Дулат Исабековтың шығармашылығына қатысты мәдени іс-шара болып өтті. Сол күндері Д.Исабековтың «The little peare and other stories» («Гауһартас») атты әңгіме-повестерімен пьесасы енгізілген жинағының ағылшын тіліндегі тұсаукесері, «Giant Olive Theatre» театрында «Orzu Arts» театрының ұсынуындағы «Өкпек жолаушы» («Ескі үйдегі екі кездесу») спектаклінің премьерасы болды.
Жазушының повестері мен әңгімелері, драмалық шығармалары бойынша елімізде және шет елдерде өткізілгешаелеп жатуды Д.Исабеков таланты мен дарынын өте жақсы білетін оқырманға тізбелей берудің де қажеті болмас.
Бүгін биылғы қазан айында елімізде де, әлем жұртшылығы жор Мемлекеттік деңгейде атап өтілуіне байланысты Алматыда сол мерейтойдан «Исабеков әлемі» фестивалінен үзінділер және оның бірнеше шығармалары туралы оқырман пікірін жариялауды жөн көріп отырмыз.
Қабыл алыңыз!