№9, қыркүйек, 2022
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы аясында Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану мұражайы мен «Qyzylorda» телеарнасы бірлескен «Құнды жәдігер» жобасы барысында ХІХ ғасырда Ресей империясы, Қоқан және Хиуа хандықтарына қарсы Сыр өңіріндеіс батыр Нұрмұхаммедұлының (1774-1860 жж.) мұрасы зерттелді.
Жанқожа батыр ХҮІІІ ғасырдың соңында өткен қазақ-қарақалпақ қақтығысына, ХІХ ғасырдың өн бойындағы Хиуа хандығының озбырлығына қарсы соғыстарға Кенесары ханнөласыз күрес жүргізген батыр солардың көбін өзі басқарып, қолбасылық дарынымен көзге түсті. Халық арасында «Ел қорғаны ер Жәкең» атанған Жанқожа батыр өмірінің соңында Ресей отаршылдарының зорлығына қарсы азаматтықтың ақ туын көтеріп, Сыр бойының малшы-дихандарын бастап, айтулы батырларымен асқаруланған орыс әскеріне қарсы жорыққа шықты. Көзі тірісінде-ақ аты бүкіл Шекті руларының ұранына айналған Жанқожа батыр Сыр өңіріне ерекше қадірлі болды. Тарихшы М.Тынышбаевтың: «Жанқожа Үш жүздің ең атақты батыр-билерінің бірінен саналады. Ол қазақ тәуелсіздігі үшін күрескер ретінде орысты да, хиуалықтарды да, қоқандықтарды да, тіпті хандардың өзін де мойындаған жоқ» деген мінездемесі соның дәлелі болды. Ресей империясының архивтік құжаттарында батыр туралы сақталған деректер аз емес.
Белгілі түркітанушы ғалым Серікбай Қосан зерттеулеріне сүйенсек Жанқожа батыр 1841 жылдың шамасында Кенесары ханмен тізе қосып, атақты Созақ қамалын қоқандықтардың қолынан азат етуге тікелей атсалысып, хан әскеріне он сегіз күн бойы алдырмаған бекіністі, Кенесарының соңғы үміті – Жанқожа бастаған Шекті батырлары атойлаған шабуылдарымен шеп бұзып алған, бұдан кейін батыр мен ханның жолы екіге айырылады
1842-1845 жылдары Жанқожа батыр хиуалықтарға қарсы үш дүркін тойтарыс беріп, қамалдарын қиратты, Әйімбет, Бабажан бастаған көптеген белгілі бек, батырларын өлтіріп, елдің мыңдаған малы мен қолды болған жесірлерін, мүліктерін қайтарып береді.
ХІХ ғасырда Ресей империясының Сыр бойын отарлау саясаты күшейіп бекіністер салынып, жергілікті халыққа тізесі батады. Осы кезеңде Жанқожа батыр орыс билігіне қарсылық көрсетеді. Орынбор генерал-губернаторы В.Обручевпен жолығып, келісімге келгенімен орыс шенеуніктері және әскерлері халықтың тыныштығын бұзуы жиілейді. Бұл кезде егде тартқан Жанқожа батыр Ресей империясына қарсы қозғалысқа басшылық жасайды.
1856 жылы желтоқсан айында Жанқожалатша үкіметі генерал майор Фитингофт бастаған жазалушы отрядты аттандырады. Екі жақ Арықбұлақ деген жерде кездесіп, қиян-кескі ұрыс болады. Мұздай қаруланған орыс әскеріне көтерілісшілер төтеп бере алмай кері шегінуге мәжбүр болады. Ал, Жанқожа батыр сатқындық жасаған рубасылары мен ел ағаларына ренжіп, Қызылқұмға жылыстап кетеді.
1860 жылы жазалаушы әскер Қызылқұмның ішіндегі Жанқара көлінің басында отырған Жанқожа батырдың ауылын қоршауға алады. Қанды шайқастың барысында 86 жастағы Жанқожа батыр жазалаушылардың қолынан қапыда қаза табады.
Қазіргі уақытта Жанқожа батырдың үлкен ағасы Ақмырзаның тікелей ұрпағы Иманғали Сағадиннің қолында батырдың пайдаланған дүниелері сақтаулы. Бұлар – «Нұрнама» кітабы, тесак (кескіш), шақпақ тас.
«Нұрнама» (Нұрдың кітабы) – араб, парсы, шағатай тілдерінде жазылған емдік дұғалар жинағы. Бұл кітапты ұрпақтарының айтуынша Жанқожа батыр көбінесе жорықтарда өзімен бірге алып жүргендіктен киелі дүниелердің бірі саналады. Кітап әбден ескіргендіктен, парақтары үгітілуде.
Тесакты (кескіш) ХІХ ғасырдың 50-60 жылдары Сыр өңірін жаулауға басшылық жасаған Орынбор генерал-губернаторы, граф В.Перовский батырға аса ризашылықпен сыйға берген. Қаруың ұзындығы – 66 см, сабының ұзындығы – 14 см, жүзінің ұзындығы – 52 см, ені – 4 см. Жүзіне ені – 1,5 см болатын дола салынған. Қарудың бұл түрі Ресей империясының әскері үшін 1834-1848 жылдар аралығында Златоуст қару-жарақ фабрикасында шығарылған. Қарудың осы уақытқа дейін сақталуы таңғаларлық жайт. Жанқожа батыр өзге дін өкілінің берген қаруын ешқашан қынынан суырмаған екен.
Шақпақ тасты Жанқожа батыр жорық кезінде от жағуға пайдаланған Көлеміне тоқталсақ, ұзындығы – 8,2 см, ені – 7,1 см.
Батырдан қалған дүниелерде ұрпақтары киелі дүние ретінде көзінің қарашығындай сақтауда. Алдағы уақытта да жоба аясында Сыр өңірінде қаншама тарихи мұрамыздың сыры ашылары сөзсіз.
Г.Әубәк /тану мұражайы, Ақмешіт бөлімшесінің ғылыми қызметкері