№9, қыркүйек, 2022
Еліміз өз алдына шаңырақ құрып азат, дербес, тәуелсіз еле аталғасын ғана туған тіліміз, ана тіліміз – қазақ тілінің өз еліндегі ахуалы, жақсылы-жаманды жағдайы туралы айтуға хұқылы болғанымыз ақиқат. Ал азаттық алғанға шейін ше? Оны айтасыз-ау, сонау 1991 жылы КСРО тарқап Одақ деп аталатын отарлық жүйе құлағанда ең әуелі Балтық жағалауындағы Латвия, Литва, Эстония үйіміздің іргесіндегі Өзбекстан бірден өз тілдерін мемлекеттік тіл деп жариялап, әрқайсысы өзінің ұлттық тілін төбесіне ту қып көтеріп жатқанда біздің сол кездегізгға шейін қазақ тілі мәселесін қозғауға болмайды деп бір елі аузымызға екі елі қақпақ қойып қойғаны әлі есімізде.
Міне, енді-енді ғана тіліміздің туған ел төріндегі тегеурінді қызметін жолға қойдық десек те болады. Әсіресе, ең басты қуанышымыздың бірі мемлекеттік тілді өркендету, дамыту, өз еліндегі өз биігіне көтерудің әртүрлі жолдарын, тағлым-тәсілдерін ортаға салып, тәжірибелер алмаса алатын болдық. Бұл ортақ та ұлы іс қазір өз жемісін бере бастады. Демек, сын түзелмей мін түзелмейді деген мәтел нағыз халық даналығы екен. Ендеше, сол айтылған сындардың бір-екеуіне тоқталайық.
Бірінші пікірталастар «қос тілділік қос қанатың» деген жаңаша мақалға байланысты болды. Иә, тіл білгеннің залалы жоқ. Бірақ біздің қайсыбір белсенді, зиялы қауым бұны орыс тілін қазақ тілінен жоғары қою үшін де пайдаланды. Олардың сондағы айтпағы, біз Ресей сияқты іргелі де әлеуетті көршіміздің басты тілінде сөйлеуіміз керек дегенге сайды. Сонда қазақтың ұлттық батыр ақыны деуге әбден тұрарлық Мұхтар Шаханов ағамыздың:
–Ал жарайды, үлкен көршіміздің көңілін аулайық. Бірақ сол үлкен көршіміз Ресейдің құрамында 400-ден астам ұлт бар. Ендеше, неге Ресей үкіметі өз халқына, мысалы орыс ұлтына өздеріңмен бірге тұратыілың да тілінде сөйлеңдер деп неге айтпайды?-дегені әлі есімізде. Сол кезде Мұхаңа қосылып біз де «Иә, тілі екеудің діні екеу» деген екен Әбубәкір Кердері, сондықтан бір мемлекетте бір ғана мемлекеттік тіл болуы керек. Ол – қазақ тілі деп үн қостық. Абырой болғанда, мемлекеттік тіліміз сол қос тілдің алдыңғы қатарына шығып келе жатқаны, Ата Заңымыздағы қазақ тілі – мемлекеттік тіл деген баптың жүзеге асып келе жатқаны бүгінде Айдан анық көрініс беруде.
Екінші мәселе. Үштілділік дегенге байланысты көтерілді. Жасыратыны жоқ «Үштілділік үлкен іс», «Үштұғырлы тіл баршаға ортақ» деп ұрандатқан бір қауым осы кезде тағы шықты. Енді біреулер: «Біз әлем елдерінің бәрімен тату-тәтті тұрамыз. Қазір әлем тілі дегеніміз ағылшын және орыс тілі. Сондықтан, ана тілімізде өзді-өзіміз ғана қарым-қатынас жасап отырсақ та болады деген «ақылгөйлік» айтты. Оны айтасыз, қайсыбір ұраншылдар мектептердегі пәндер тек ағылшын тілінде оқытылсын десе, енді біреулер «балабақшаларда түгел үштілділік енгізу керек» деп соқты. Осындай ұр да жық ұранға белгілі ақынымыз Тыныштықбек Әбдікәкімұлы: балаларымызға балабақшадан бастап үш тіл үйрету ұрпаққа, бүкіл қазақ ұлтына хауіп деп жазды. Осындайда КСРО құлаған бойда Ресей бұрынғы Жоғарғы Кеңес дегенді Госдума деп, Украина Рада деп, Қырғызстан Жоғарғы Кенеш деп өз ұлттық атауымен атауға көшкені еске түседі. Еске түседі де кейде елде үлкен бір өзгерістер болып жатқан сәттерде де ұлттық тілді ой түкпірінен ояту керек-ау дегіміз келеді. Қалай десек те дана халқымыздың «Сабыр түбі сары алтын» деген ұлы шайырдың «ақырын сөйлеп, анық бас» деген кемеңгерліктері бізді замана көшінен қалдырмай ілгері бастап келе жатқаны тағы да ақиқат.
Иә, қалай дегенде де, тағы да тіліміз туған елдің төрінде тәуелсіздіктің туындай көкке өрлеп келеді деп батыл айта аламыз.
Мырзан Сахиұлы