№4 Сәуір, 2022

Елімізде туризм саласын дамыту үшін табиғи нысандар мен қатар қорық-мұражайларға да зор көңіл бөлінуде. Тарих жәдігерлермен құнды. Бұның туризмді дамытуға да қосар үлесі үлкен. Құнды жәдігерлермен толықтыру Түркістандағы «Әзірет-Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының ұжымы «Мұражайға сый» деп аталатын акцияны жиі өткізуді дәстүрге айналдырған. Міне, осындай кезекті акция барысында мұражай қорына атақты атақты Әмір Темірден бастау алатын тарихты тірілтетін 50-ге жуық құнды мұралар тапсырылды. Олардың қатарында халық аы баспалар және қолөнер шеберлерінің қолынан шыққан зергерлік әшекейлер, тұрмыстық бұйымдар бар.

-«Мұражайларда жинақталған жәдігерлер қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан төл медениетінің материалдық және рухани өмірде жеткен жетістіктерінің жемісі. Өйткені кез-келген халықтың рухани болмысы оның материалдық дүниелерінде көрініс беріп отыратыны белгілі. Мұражайға қабылданған әрбір затты мемлекет қарауына алынған күннен бастап оны болашақ ұрпаққа жеткізу сынды жауапкершілік пен қатар мұражай қорын толықтырып отыру да мұражай қызметкерлерінің негізгі міндеттерінің бірі.

«Әзірет Сұлтан» қорық — мұражайындағы қорды толықтыру мақсатында өткізілетін «Мұражайға сый» акциясында жәдігерлер екі бағытта қабылданады. Құнды дүниелер негізгі қор есебіне қабылданса, экспозиция және көрме құруға көмекші құрал ретінде пайдаланатын жәдігерлер ғылыми көмекші қорға тіркеледі.
Қазіргі күні мұнда 25560 дана жәдігер мемлекеттік тіркее айды. Бүгінгі шараға да атсалысу үшін еліміздің түкпір-түкпірінен мұражай жанашырлары хабарласып, мұраларды тапсыруға ниет білдірді. Акция барысында көптегенліриалдарды мұражайға өткізіп жатқан барша азаматтарға алғыс білдіремін,-деді «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы директорының орынбасары Мұрат Тастанбеков.

«Мұражайа сый» акциясы барысында Түркістан қаласының тұрғыны Алиакбар Артықұлы Жалилов ұстаздары мен ата-бабаларынан мұраға қалған 26 тарихи кітап табыстады. Олардың қатарында Құран кәрімнің тәфсирі (түсіндірмесі), Пайғамбарлар өміріне қатысты «пайғамбарлар қиссасы», Мұхаммед (с.а.у) пайғамбарымыздың хадистері, түркі халқына ортақ ұлы ақын, ойшыл Әлішер Науаидің «Науаи» атты еңбегі, «Далаил Хайрият» (жақсылық дәлелдері), «Бустан ул шариат» (шариғаттың бағы), фикһ (шариғат) кітаптар мен «Ғиясул луғат» (арабша-парсыша сөздік), араб тілінің грамматикасы туралы жазбалар мен бірнеше діни шығармалар бар.

Түркістан қаласының тұақеберлерінің қолынан шыққан күміс жүзікті сыйға тартса, қазақтың тоқыма бұйымдары тақыр кілем тоқу әдісімен тоқылған қоржын мен киіз үй әшекейін Кентау қаласының тұрғыны Арыстанова Баян анасы Орынбасарова Несіпкүлдің өз қолымен тоқып тұтынған заты болғандықтан ұрпақтан-ұрпаққа сақталу үшін мұражайға аманаттады. Сонымен қатар,Мадина Ахметова есімді ақжаулықты ана ертеден келе жатқан қыш леген мен бидай-тары түйген келі-келісаптың қызықты тарихын айта отырып, әрі қарай мұражай жәдігері ретінде сақталуына сенім білдірді.
Мұражайға сыйға берілген өзге де тарихи жәдігерлер қатарында VII-IХ ғғ. тән қыш саптыаяқ, ХIII ғ. кезеңіне жататын 14 дана мыс тиын, зергерлік бұйымдар, тарихи кітаптар мен қыш ыдыс бұйымдары бар.

Шара аясында Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі Үлкен ақсарай бөлмесінің жаңартылған экспозициясына үлесін қосқан Алматы қаласының тұрғыны Талғат Шәймерденұлы 2 дана қасқыр терісін тапсырды.
Сондай-ақ, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде жерленген Бейбаулы батыр Өтейұлының Қостанай облысындағы ұрпақтары Түркістан қаласында тыныс тапқан би-батырлар жайлы құнды кітап ұсынды.
-«Мұражай қорын толықтырудың көптеген жолдары мен әдістері бар. Солардың бірі — халық арасында акциялар өткізіп, қолдарында жинақталған тарихи маңызы бар жәдігерлерді мұражай қорына сыйға тартуға шақыру. Мұражайларға сый жасау әлемдегі мұражайларда дәстүрлі шараға айналған құбылыс. Әлемдегі ең ірі мұражайлардың барлығы және қазіргі т00ғы мұражайлардың қорларының басым бөлігі мұражайға берілген сыйлардан тұрады. Жеке азаматтардың мұражайларға сыйға берген мәдени құндылықтары мұражай қорларын жинақтау мен толықтыру ісіндегі ең маңызды негіздердің бірі болып табылады.
Мұражайға сый шарасының мақсаты – ұлттық тарихи-мәдени мұраларды жоғалтпау, ел арасында елеусіз жатқан тарихи маңызы зор, құнды заттарды, ұлтымыздың ұлы тұлғаларына қатысты жәдігерлерді кәсіби тұрғыда сақтап қалуға атсалысу»,- деп хабарлайды «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының баспасөз қызметі. Құнды жәдігерлерді отбасында сақтамай, көпшіліктің көруіне себепкер болған белсенді азаматтардың бұл игі істеріне мұражай басшылығы мен ұжымы алғыс айтса, тұрғындар ризашылығын білдірді. Бұйыртса, бұндай шаралар өткізу алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Е.Ғұбайдулла