№4 Сәуір, 2022
Мемлекет болғасын оның кірісі мен шығысы әрдайым есепте екені мәлім. Қазіргі заманда қай мемлекет те өзінің табыс көзі ретінде туризм саласында басты назарда ұстауды көздейді. Қазақстан табиғи, жер байлықтары өте мол елдердің бірі. Бізде Менделеев кестесіндегі жер бетінде, жер астында жатқан табиғи байлықтың бәрі бар екені баршаға мәлім. Еліміздің соңғы жылдардағы негізгі табыс көзінің бірі мұнай мен газ екені де баршаға белгілі. Алайда, бір ғана жер байлығына қарап қалуға болмайтыны экономикалық та, ішкі, сыртқы саяси өмірде де дәлелденген. Міне, осы орайда мемлекетіміз туризм саласын дамытуға көптеп көңіл бөліп келе жатыр. Туризм – тек кіріс көзі, яғни, экономикалық қажеттілік қана емес. Ол енді әлемнің алыс жақын жатқан басқа да елдерімен, халықтарымен, олардың мәдениеті мен таныстыруға, бейбіт қатар өмір сүруге зор қызмет ететін өте күрделі сала десек еш қателеспейміз. Туризмді дамыту арқылы б-брте замандардан бастап бүгінге шейін ұлтымызбен қатар өмір сүріп, талай тарихымыздың куәгері болған мәдениетімен, әдебиетімен, өнерімен әлемнің басқа халықтарын таныстыра аламыз.
Ал бұл іс әсіресе, Қазақ Елі тәуелсіздік алған жылдардан бастап-ақ қолға алынған болатын. Соның бір ғана мысалы ретінде осыдан бірер жыл ғана өткізген ЭКСПО-17 көрмесін айтып өтсек те жеткілікті. Біздегі бүгінгі туризм саласының өркендеуіне сол ауқымды шараның да қосқан үлесі аз болған жоқ. Сол көрмеге әлемнің әртүрлі елдерінен 350 мыңға жуық меймандар келген екен. Сол кезде туристік әртүрлі нысандары бар өңірлер қомақты қаражат тапқанын да баспасөзден оқып, телеарналардан да көргенбіз. Тіпті, бір ғана Байқоңыр ғарыш айлағына келіп-кеткен сапаршылардың өзінен өте зор қаржылық кіріс түсіпті. Қазір осы Байқоңыр өңіріне жыл сайын жүздеген сапаршылар келіп кетеді.
Жыл сайын елімізге кемінде 5-6 миллион турист келіп кетеді екен. Туризм саласын зерттеушілердің мәліметінше Алматы, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан мен Батыс Қазақстан экологиялық туризм орталығы ретінде, ал Оңтүстік өңірі – мәдени туризм, Батыс өңірі – мәдени және жағажайлық туризм кластері ретінде мәлім екен. Сол мамандардың айтуынша Қазақстанда шетелдік туристермен қатар отандық туристер тынығатын мекен-жайлар жыл санап көбейіп келе жатқан көрінеді. Және елімізде 30-ға жуық 5 жұлдызды мейманхана бар екен. Олардың көпшілігі Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары мен Маңғыстауда орналастырылған. Бір таңғаларлығы шет елдерден келген сапаршы, саяхатшылардың, 70 пайыздан астамы жергілікті мейманханалар мен пансионаттар қызметіне жүгінсе, қалғандары табиғатты, қорықтарды, көркем жерлерді аралауды қалайды екен.
Бұның бәрін айтып отырған себебіміз, қазір 21-ші ғасырдың ең блакеттерінің негізгі табыс көзінің біріне айналғаны және оның біздің елімізде де жақсы жолға қойылып келе жатқанын паш ету еді.
Мыркен Сахиұлыgr