№1 Қаңтар, 2022
Жүз жасаған ақын Жамбыл Жабаев халық поэзиясының алыбы ғана емес, «ХХ ғасырдың Гомері» атанды.Ол халық поэзиясы арқылы қазақ халқын да әлемге танытты. Жамбыл Жабаев бірнеше шумақта тұтас бір кезеңнің жүгін арта білу тек Жамбыл секілді алыптардың ғана қолынан келетін құдірет-деген екен, біздің Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Ал біз ұрпақтар Жамбылды құрмет тұтып,өлең жырларын бойымызға сіңіріп жас ұрпаққа дәріптей білу керек. Туған халқының күнгей мен көлеңкесін тарихи талғам таразысына салып, шабыттың шырқау биігіне көтербаі аман тұрғанда,адалдық пен адамзаттың,әділеттік пен ізгіліктің жыршысы Жамбыл да мәңгі жасай бермек.
Қазақ халқының белгілі ғалым Мырзатай Жолдасбеков былай деп жазған еді: «Ғасырдан ғасырға жалғасып,атадан ұрпаққа мирас болып келе жатқан қазақ сөз өнерінің екі үлкен айшықты мектебі бар тәрізді.Бірі өмір, заман жайында терең толғанатын шешендік, данышпандық мектеп. Мұнын аты сақталып бізге жеткен түпкі атасы Асан қайғы,одан бұл өнер ғасырлар аттап кешегі ұлы Абайдың қолына тиді.Екіншісі-өле өлгеше көмейі күмбірлеп,жағы талмаған дария-даңғыл жыраулар мектебі.Мұнын әзірге біз білетін аты мәлім түпкі атасы-Сыпыра жырау.Оған ілектес Шалкиіз, Бұқар, Шөже жыраулар аталады.Сондай жыраулардың ең соңғысы үздігі–Жамбыл. Жамбыл Шу өзенінің бойымен жүре берсеңіз Хан және Жамбыл деген екі тауға кез боласыз. Менің әкем Жабай бір кезде осы тауларда көшіп-қонып жүрген. Жамбыл тауының етегінде, қақаған қатты боранды күні мен туыппын! Маған сол көне Жамбыл ттакем Жабай шоқпыт шапанды көшпелі кедей болған. Тұрған жеріміз құлазыған кең, жазық дала еді. Сондықтан да мен балалық шағымда егісті де, бақты да, арықты да көрмедім. Жазық кең дала менің кездегі барлық қазақ балаларындай мені де көшкенде бесігіммен алып жүрді. Бала кезімде мен тентектеу болдым. Қарттарды да, әкемді де тыңдағым келмеді. Мені қозы бағуға жіберетін, мен бармай қоятынмын. Маған отын тер дейтін — мен тіл алмай қасаратынмын. Менің ағам, әкемнің інісі белгілі домбырашы еді. Мен домбыра тыңдауға әуес едім. Он екі жасымда одан домбыраны үйрендім.Домбыра қолыма тигенде барлық тентектікті ұмытып, бүкіл жан жүйем елжірегендей болатын еді. Менің қой баққым келмеді. Домбыра тартып, ән салу мені қатты қызықтырды. Табиғат маған күшті де жуан дауыс берді. Мен далада ән шырқағанда дауысым бүкіл даланы күңіренткендей сезінетін едім. Он төрт жасымда әкемнен қол үзіп, өзімше күн көруге мықтап бел байладым. Ораза кезінде үй-үйді аралап, жарапазан айтатын болдым. Менің өлеңім жұртқа ұнап, маған сый-сипат көрсете бастады. Балаңа өлең қонып, атақ ерсін! – деп, ХІХ ғасырдағы суырыпсалмалық «импровизаторлық» өнердің классигі, М.Әуезов «ақындардың ақыны айдын көлдей ақылы» деп атаған Сүйінбай Аронұлынан бата алады. Сондықтан да осыдан кейінгі өлеңдерінде «Менің пірім – Сүйінбай, Сөз сөйлемен сиынбай» деп ұстазының алдына түспейтіндігін үнемі айтып отырады.Осылайша жастайынан өлең-жырға жақын өскен ол он бес жасынан-ақ «жас ақын», «жап-жақсы ақын», «Жамбыл ақын» болып елге таныла бастады. Өзін шалқарда шалқыған аққуға теңеген ақын «келмеді сасық, шалшық жерде қалғым» деп жыр маржанын тере білді. Қалың бұқараның жоғын жоқтап, мұңын мұңдаған ақын бай, манаптарды шеней білді. «Жылқышы», «Сараң бай мен жомарт кедей» деген өлеңінде бай мен кедей арасындағы кереғар тірлікті шендестіре отырып қатарластыра (параллел) жырлады: Малы көп бай жылайды қар жауғанда, Бәрін тастар ниеті малға ауғанда. Жерден алтын тапқандай кедейлер жүр, Әйелі шелек толы сүт сауғанға. Малы көп бай ертемен жейді қаймақ, Қой шығарып, кедей жүр қозыны айдап. Ең болмаса, айранға тойғызса деп, Жатса, тұрса тілейді «а, құдайлап». Көріп отырғанымыздай Жамбыл да Абай тәрізді сол тұстағы ел ішіндегі толғағы жеткен әлеуметтік мәселелерді тілге тиек етті. Осының өзі Жамбылдың кедей-кепшіктің, бұқара халықтың жоғын жоқтағанын байқатады. Өмірінен үлкен орын алған Бұрым қыз туралы өлеңінен «Сен лашын болғанда, мен ақ сұңқар Бір көріп дидарыңа болдым іңкәр» дейтін ақын махаббатының сәтсіздігі байқалады. Дегенмен жас ақынның осы өлеңіндегі лашынға, ақ сұңқарға, тұлпарға, қорғасынға, қаңбаққа, құрыққа, құлынға теңеулерінен оның бейнелі сөйлейтіндігін байқау оңай. Дерексіз затты қазақ ұғымына түсінікті деректі заттарға теңеу арқылы бейнелі образдар ұсынды. 1916 жылы қара жұмысқа адам алу туралы патша жарлығына қарсы ұлт-азаттық көтеріліс болған тұста ақын «Патша әмірі тарылды», «Зілді бұйрық», «Толғау» атты өлең, толғауларын жазды. Аталған өлеңдерде сол тұстағы ел билеушілердің ақ патшаның заңына құлдық ұрып, бұқара халықтың ыза-кегін туғызғанын жасыра алмады: Би, болысты тәңірі атты, Ел қорғауға жарамай. Ағайында еңіретті, Көз жасына қарамай. Енді ойласақ: не қалды, Ата жұрттан кету бар, – деп ел билеушілерге деген елдің наразылығын ашық айта білді. Бір жағында қалың бұқара, бір жағында бай мен датқа тұрған ақынның алдында кімнің сөзін сөйлеу керек? деген замана сауалы тұрды. Тек он алты жасымнан бастап қана мен өз бетіммен жырлауға бел байладым, бірақ көрнекті, тәжірибелі ақындармен айтысқа түспедім. Қазақ даласында айтыста жеңілу—ақынның өлгенімен теқ саналатын. Сондықтан да мен алғашқы кезде тек жас, онша әйгілі емес ақындармен сөз таластырып жүрдім. ХІХ ғасырда және ХХ ғасырдың басында өмір сүрген Жанақ, Шөже, Күдері, Кемпірбай, Сүйінбай, Түбек, Құлмамбет, Тұрмағамбет- ал кеңес дәуірінде тамаша өнер көрсеткен халық ақындары Жамбыл,Тайжан,Нұрпейіс, Шашубай, Нартай, Кенен, Иса – осы айтыс өнерінің нағыз жүйріктері. Мен Шу өзенін бойлап көшіп-қонып жүрген ауылдарды аралап, оларға халық өлеңдерін, ертегілерін, қиссаларын, атақты ақындардық өлеңдерін, өз өлеңдерімді айтып беріп жүрдім. Ғасырлар бойы қалыптасқан жәйт: суырып салма ақын — рулар мен тайпаларды, ру ақсақалдарын, атақты адамдарды, оқиғалардың бәрін білуге тиіс еді. Ол барлық жаңалықтарға үн қосып, жағдайды ескере білуге тиіс еді. Ақын тілінің өткірлігі қысылтаяңда тапқырлығы, тез де ұтқыр жауап беруі арқылы бағаланады. Ол әріптесін күлкі, сықақ уытына бөлеп, өзі байсалды, ұстамды болуға тиіс еді. Мен осының барлығын үйрендім. Қазақ және қырғыз даласының көптеген қарт та даңқты ақындарымен кездестім. Оларды мұқият тыңдадым, үйрендім, солар сияқты болуға әзірлендім. Кедейшілікті көре жүріп,- мен халықты жақсы түсіндім. Мен еңбекші халық жайында ғана шынайы сыр шертетін едім. Ақынның жалған айтып, екіжүзді болмауға тиіс екенін ұғып, тек шындықты жыр еттім. Менің өлеңім самғаған құстай бүкіл Жетісуды шарлады. Ыңыршағы шыққан ат үстінде мен ауылдан ауылға жорттым. Қайғы мен қасірет әнін шырқадым. Мен Жетісуда, Қырғызстанда болдым,. Қарағандыға бардым, Шығыс Қазақстанды қыдырдым. Не туралы жырладым? Мен өзімнің тапшылық көрген, қасірет шеккен халқым туралы, зәбір шеккен Отаным жайында, даңқты батырлар жайлы жырладым. Түні бойы өлең айтып, сыйға тиын-тебен алған күндерім де болды. Осылай бір кезде мен атақты ақын Құлмамбетті жеңдім, сөйтіп, Жетісудың үздік ақыны атандым. Құлмамбетті жеңгендігім туралы хабар Жетісудың шегінен шығып, тіпті бүкіл қазақ ауылына тарады. Осыдан кейін мен көптеген үлкен айтыстарға қатынастым, бірақ жеңіліп көрген емеспін. Сахарадағы жыр — үлкен күш. Дауылды тоқтата алмайтындай, оны ешнәрсемен тоқтата алмайсъің. Байлар мен манаптар менен және менің батыл жырларымнан сескенетін-ді. Елу бес жасқа дейін мен осылай өмір сүрдім, келе-келе нашарлап кеттім. Бұл халге мені кәрілік емес, ауыр тұрмыс душар етті. Кәрі бүркіттей көздерім бұлдырлайтын болды, даусым да бәсеңсіп кетті. Домбыраның орнына қолыма асатаяқ ілікті. Кең сахараның орнына тар төсек келді. Мен семіп бара жаттым, жырлауға дәрменім жетпеді. Қазақтар 1916 жылы патшаға қарсы көтерілгенде ғана күреске шақырған бірнеше өлең айттым, бұлар сахараға тарап кетті. Мен жетпіске келгенде жаңа өмірдің жарық таңын көрдім. Мен Ұлы батыр Лениннің есімін естідім және Қызыл Армияның жеңімпаз салтанатын көзбен көрдім. Менің айналамда өмір қазандай қайнады, алтын түс көргендей мен мұны өзімнің ең жақсы өлеңдерімде жыр еттім. Жаңа күш қосылғанын сезініп, мен тағы да домбыраны қолға алдым! Менің жастығым қайта оралды, мен жыр шерттім. Айналама көз тігіп, мен таныс сахарамды танымай қалдым. Ауылдарды аралап жаңа өмірді жырлай бастадым. Әрқашандағыдай, мен өз халқыммен бірге болдым. Советтік Қазақстанның — қазақтардың бүтін ұрпақтары арман етіп, үздік ақындар жырлаған еркін, тамаша дәуірдің туғанын көзбен көрдім. Мен үшін өмір жаңадан басталды. Жиырма жастағы жігіттей — жап-жас, күп-күшті, тасқынды жігермен жырлай бастадым. Мен колхоз үшін жалынды үгітші болдым. Колхоз жайында жүздеген өлеңдер айттым, олар сахараны шарлады, өйткені бұлар шын жүректен шыққан өлеңдер еді. Мен ертегідегі гүлстаннан да тамаша — Москвада болдым.Жамбыл Жабаев туралы көптеген ақпарат жинай отырып бір дерек мені таң қалдырды.Жамбыл Қазақстан әдебиеті мен өнерінің онкүндігінде Мәскеуге барғанда Кремльде бәрі Сталинді күтіп тұрады. Қазақстан басшылары Сталин шыққанда Жәкең алғаш сәлем беруі керек деп шешеді. Сталин уақытынан кешіге бастайды. Бір кезде алтын есікті айқара ашып, Сталин бастаған Политбюро мүшелері түгел көрінеді. Қарсы алып, алғаш сәлем беретін Жәкең жоқ, бәрі жабылып іздесе, Жәкең мрамор еденге белбеуін шешіп жайып тастап, намаз оқып отыр.Бәрі сасып, үн-түнсіз қалады. Сталин ғана қорқорын саусағына тықылдатып: «Әр ұлт өзінің діні құрметтеуі керек» – депті күлімсіреп. Жәкең асықпай намазын бітіріп, белбеуін буынып, бері бұрылып:
– Ассалаумағалейкум, Стеке! – деген екен.Жамбыл атам әрбір өлеңі, жыр-қиссасын бастарда Аллаға бір сиынып алатын.Сөзімнің басы бісмілла,Бісмілласыз іс қылма, – деп отыратын –деп Жамбыл Жабаевтың немересі Әлімқұл Жабаев бір сұхбатында осы деректі айтқан екен.Осы мәліметті оқығаннан кейін ойладым қандай адамда қайсар мінез болу керек бүкіл сол кезеңдегі Кеңес Одағында Сталиннің бір қараған хахарынан қорыққан екен, ал біздің атамыз Жамбыл Жабаев бес уақыт намазын қаза етпеген діндарлығында исламға деген сенім, Аллаға деген шексіз сенімін жоғары қойып өз дінін құрметтей білген.Жамбыл Жабаев XXғасырдың қырқыншы жылдарының өзінде-ақ ол патриоттық поэзиясының асыл маржадарын туғызып, «Халық поэзиясының алыбы», «XX ғасырдың Гомері» деген әлемдік атаққа ие болды. Ол Ұлы Отан соғысының сұрапыл күндерінде көркемдік деңгейі жоғаы саяси поэзияның жаратушысы болды.Оның мәңгі жасайтын «Ленинградтық өрендерім» атты толғауы ақындық шеберлік пен әкелік жүректен шыққан даналық сөздің асқар шыңына айналды.Соғыс жылдарында өмірге келген бұл туынды ұлы ақынның даңқын асқақтата түсті,оның есімін дүние жүзіне әйгілі етті. Ленинград қорғасынысына қатысқан Всеволд Вишневский былай деп еске алды: «Біз бұл жолдауды көзімізге жас алмай және қуанышты толқу сезімінсіз оқи алмадық. Біз бұл хатты қуатты қолдаушы күштің келгеніндей бағалап,қабылдадық.Қазақстан халқы бізге өзінің туысқандық сәлемін,сүйіспеншілігі мен достығын жолдады,сөйтіп,біз еселенген күш-жігермен шайқасқа аттандық.»деген. Біттұтас шаңырақ сезімі,тарихи тағдырлардың тұтастық сезімі-поэзияның ұлы атасы бізге осындай мұра қалдырды. «Ленинградтық өренім» -өлмейтін өлең Совет өкіметі өлеңдерім үшін маған Еңбек Қызыл Ту орденін берді. Мен сол кезде былай деген едім және қазір де қайталаймын: — Мен наградталған жоқпын, Қазақстанның халық поэзиясы наградталды. Мен жыр шертемін, әзірге жүрегім соғып тұрғанда жырлай берем… Өлең-жырларымен көптеген елге танылып, артына баға жетпес асыл мұра қалдырып кеткен жыл алыбы Жамбыл атамыз 1945 жылы 22 маусымда, 100 жасқа толуына бірнеше ай ғана қалғанда дүниеден озды.Көзі тірісінде-ақ аттары аңызға айналған, шуақты күн мен боранды аумалы-төкпелі заманда, заман ағымына қарамай, елдіктің, ерліктің, тәуелсіздіктің, ауызбіршіліктің туындай болып, халықтың сана-сезімін ояатқан. Тәуелсіздікке қол жеткізу жолында күрескен тарихи тұлғаларымызға көлеңке түсірмеу, мәңгі есте сақтау, олардың ерліктерін, даналығын, қайсарлығын жас ұрпаққа паш ету біздің басты міндетіміз.