Маусым №6 (178)
- КӨНЕ МҰРА СӨЗ САҚТАР
Халық ақыны Нұрхан Ахметбековтің өлең-жырлары айшықты, бейнелі, бедерлі, әсерлі, қуатты келеді. «Қыс қырандары» атты өлеңін оқығанда Абайдың «Ақ киімді, денелі, ақ сақалды» деп басталатын «Қыс» атты өлеңі еске түседі. Ақын боранға жан бітіріп, бірде ұлытса, бірде түшкіртеді, енді бірде түкірігін аспанға аттырады, алақаншықтай арсылдатып, бураға теңеп, бұрқ-сарқ еткізеді. Қазір көбіміз ұмытып бара жатқан «Ақбайтал», «Алақаншық» сияқты боран атауларын жадымызға оұт ән» өлеңінде әнші көмейінен алтын қақпа аштырып, жез таңдайынан әннің кенін бұрқ еткіздіреді, сол қақпадан бұлбұлға таңдай қақтырып, бақшалардан ән бұлағын бұралтып, жылжытып ақтырып, сайды, Алқынып аузын аша жетті ақпан» деген сияқты жиі қайталанатын дыбыс үндес«Ын — бұзғалы мен» деп келетін түбірлі ұйқастары мен «жонын ашып – қоңын ашып» сияқты ішкі ұйқастары да өлең әрі мен сәнін келістіріп тұр.
Кезінде мәскеуде жарық көрген «Жоқтау» атты кітабының кіріспесінде Ахмет Байтұрсынұлы ешбір сөз өз-өзінен шықпайтынын, оны бір кісі ойлап шығармайтынын, тіл қалың елдің күнделікті тұрмыс қазанында қайнап пісіп, дүниеге келетінін айта келіп: «Сонан соң ғана шешендер, «тіл көсемдері» тілді безеп, жолға-жөнге салып жүйесін айырып өстіреді. Сондықтан әдебиет тіліне негіз етіп ел аузындағы тіл алынбаса, ол әдебиет адасып кетпек, енді ғана өсе бастаған қазақ әдебиетін алғанда, мұны естен шығармау керек»,-дейді. Міне, осы тұрғыда Нұрхан ақын өлеңдерінің үлгі-өрнек етіп алар сөз маржандары бар.
Қыс келді қысамын деп ызғарымен,
Халықты састырам деп мұз-қарымен.
Ұлиды ұқыптыға ой түсіре,
Келдім деп шаруаңды бұзғалы мен.
Сау кетпей сұр бұлттың түшкірігі,
Үрледі оттай шарпып үскірігі.
Көз көрген көп жылдардан биыл қыстың
Байқалды райының күштілігі.
Қақырды қар жапалақ баспалатып,
Түсірмей түкірігін аспанға атып.
Арсылдап алақаншық соқты боран,
Бурадай бұрқ-сарқ етіп шегін тартып.
Ақбайтал кесе тұрып жапты күртік,
Асығыс жүре алмайсың атпен жортып.
Ақ шатыр асуларға отау тігіп,
Беткейдің бетегесін кетті желпіп.
Бұталар бурыл сақал шалдай болып,
Шалғын шәлі ораған салдай болып,
Жүгірген қар бетімен қарсақ, күзен
Көрінді көз ұшында нардай болып.
Жел айдап, желкесінен суық өтіп,
Тепсінді жерден шөпті тептірмеске.
Шаңғытып шаң борайды Жайық жақтан,
Қауыста қар тұсамас болды қақпан.
Қаңтарды қайрап салып қатулана,
Алқынып аузын аша жетті ақпан…
Бұл өлең 37 шумақтан тұрады. Солардың көне сөздер кездесетін тармақтары мынадай:
Жаз мінген жайлауіштің жалы берік…
Баспайды соныға өрлеп ескі шарды…
Қаптатып қарақұрлық қаулы жерге…
Қопсауға қойды бөліп шағындайды…
Жел жусап, жекен, құрақ, шағырлы еркек…
Шұрыққа дүлейленген салада ойнақ,
Ойтаңда ығы-жығы құрттай қайнап…
Қашаннан топтан торай бермей жүрген…
Жаны қас жармойынның жұмыспенен…
Отарға қой мен жылқы қосын тартқан…
Қырық өзек қойын жайды қобысына…
Көңіл шат, ойында жоқ кіршік, іреу…
Сондай-ақ, «Нәзік ән» деген өлеңінде:
Меруерт ұшып көмейден, күміс тамды,
Лебізіне сусындап мейір қанды.
Ән қазынасын құттықтап үлкендер де,
Жастар теріп жабырлап бір қуанды,-деген сөз қолданысын жасайды.
Алақаншық – алай-түлей құйындатып соғатын қатты боран. Ақбайтал – жаяу борасын. Қасарын – сілтісін, зардабын. Қауыс – қараша (байырғы ай атауы). Шар – шұбырған көп із, шиыр. Жекен – өзен-көлдердің жағасында өсетін шөп. Қарақұрлық – қар баспаған ашық жер. Қопсау – қопсыған, бос; жұмсақ, борпылдақ. Жусап – тербеп де а шағырмен аралас өскен еркек шөп. Шұрық – қамысақты шұңқырлау жер. Ойтаң – ойпаң. Жармойын – мойны жар бермейтін жалқау, еріншек, бойкүйез. Қосын – шеру, беттеу мағынасында. Жайлауыш – көп мінілген қоңсыз ат. Қобысына – қойнауына. Іреу – көңілінде кәдік жоу,өздердің көбісі «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде» жоқ болып шықты.
Серікбай ОСПАНҰЛЫ, филология ғылымының кандидаты,доцент--{"align":"center"} -->
2.ЖАРАСЫМДЫ БОЛСА ЕСІМІҢ…
Сонау бір жылдары бір басылымда адам есіміне орай мақала жарияланды. Мақалада көп нәрселер жазылған: еа есімдер тарайтыны «Мағамбет, Мұқамбет, Махамбет, Мақамбет, т.б.). Бейсенбі (парсыша-пәнджшәнбә) сөзінен де ондаған аттар пайда болғаны айтылыпты. Мақалада балаға есім қоярда әке-шеше, ата-әжелері дәстүр-ырымды ескеріп, болашақта не боларына көңіл бөледі дегендей оа ланып барып қойған дұрыс. Жаңа туған сәбиге Жасталап, Жасұлан, Еркебұлан деп есім қоятындар бар. Бұл есімдер олардың бала кезінде, жігіт болғанда жақсы келісіп тұрады. Ол бала өсіп ержетпей ме, содан кейін қартаймай ма, 80-90 жасқа келмей ме? Сонда қарттың «Жасталап», «Жасұлан» делінуі жараспайтын тіпті, ерсі естіледі.
Қазақтар баланы сәби кезінде еркелетіп, бұрынғы қойылған атын өқабек болса Сәкен немесе Сәпөк, Еркеғали болса Еркеш деп атаған. Бала ержетіп өскенде, құжатқа солай жазылып кеткен. Содан 70-80-дегі қарттар кәзір Кәкен, Сәпөк, Еркеш болып жүр.
Жасы үлкен адамдардың көбінің аттары арабша қойылған: Хайролла, Мұхамбет, Ыбырай (Ибрагим), Муса (Мойсей), Иса (Иссус); мынадай есімдер де кездеседі: Итемген, Итеғұл, Итбай, Өлмесек, тіріжан, т.б. Әрине, балаға, оның әке-шешесіне қойылған аттар «жаман» деп айта алмайсың. Ырымдап Тұрсынғали, Тұрар, Құдайберген, Алдабергей ың есімдері байыпты, байсалды болулары керек, үш-төрт буыннан тұрса, өте тамаша болар еді. Мысалы, Серікжан, Иманғали, Батырбек, Исламғали сияқты. Бұл аттарды өздеріміз салмақты, толыққанды етіп айта аламыз. Басқа жұрттардың тілдері келмесе мейлі. Бірақ Таумұрын, Қарадомалақ, Сарбөпе, Шөмішбай деу дұрыс емес. Кейбіреулер он күндік сәбиді де, 15-жастағы жеткіншекті де, 50-дегіні де «Санек» — деп жатады, ұят-ақ.
Бұрын қазақтар бала боранды, қар жауған күні туса Боранбаң ай, Көлбай деп атай берген. Қыз балаларға қандай есім берілсе де келісе қалаемсімдері жараса береді. Мысалы, Бибігүл, Айнажан, Мақпал, Жібек, т.б. Ал, ұл балаларға есімді дұрыс қойған жөн. Ұлдарымызға, немерелерімізге Жүндібек, Шалбай, Көбейген, Елубай, Алпысбай – дегендей есімдерді қойғанымыз дұрыс емес шығар.
Біз бала кезімізде: Фарит, Мажит, Сәбит, Хамит – иттердің бәрі ит,-деп кекеткердтұратын едік, не төбелесетінбіз. Ал, бұлар арабша сөздер: Фарид – қайталанбайтын, жалқы жалғыз-ақ, Маджид – даңқты, атақты, сүйкімді, сүйікті, Сәбит – берік, мықты, мызғымас, табанды. Хамид – атағы шыққан, даңққа бөленген. Алланың есімдерінің бірі. Ат әркімнің өз еркі дегенмен, есімдерімізді келісті, жарасымды қойсақ деймін. Бір зиялы кісі осы істі шындап қолға алып, зерттеп, анықтап, әдемі етіп кітап шығарса ғой! Шіркін-ай! Әрбір есімге түсініктеме, айқындама берсе, қатып кетер еді.
Мажит НҰРЖАН
3.ЖИІЛІК СӨЗДІКТЕРІ
Тіл статикасы туралы бір деректе әртүрлі тілдерде шыққан бес жүздей жиілік сөздіктердің бар екендігі айтылыпты. Ал, қазақ лингвостатистері түзген ірілі-ұсақты жиілік сөздіктердің саны отыздан астам. Менің білуімдегі – 36. Жиілік сөздік деген атаудың өзі қазақ лексикографиясы тарихында 60-жылдардың басынан бастап қолданыла бастады. Ол қазақ тіл біліміндегі зерттеулерде математиканың статистикалық әдістерінің қолданыла бастауына байланысты туған ста статистика-лингвостатистика) саласы.
Қазақ тілі мәтіндері негізінде жасалынған алғашқы жиілік сөздік қатарында 1968 ж. «Ғылым» баспасынан шыққан «Абай тіладек қазақ тіл білімі лексикографиясында ғана емес, жалпы түркі тектес тілдердің лексикографиясы тарихындлді халықтары ақын-жазушыларының жеке ақын тілінен бірінші рет құрастырылған, әрі толық түсіндірме жиілік сөздік болды.
Қазақ тіліндегі жиілік сөздіктердің бір тобы 1973 ж. Шыққан «Қазақ текстерінің статистикасы» деп аталынатын жинаққа енген. «Статистика-лингвистикалық зерттеу және автоматтандыру» тобы еңбектерінің – бұл үшінші шығуы – шын мәнінде Қазақстан лингвостатистерінің алғашқы бес-алты жыл ішіндегі ізденіс-зерттеулерінің қорытынды нәтижелері берілген, іс-тәжірибелері жинақталған еңбек еді. Сондықтанда мұнда берілген деректер сан-салалы. Олардың бір тобы – жиілік сөздіктер және графема-фонема статистикасы бөлімдерінде берілді. Айталық, бұл жинаққа 150 мың сөзқолданыстан тұратын қазақ публицистикасы мәтінінен, 13941 сөзқолданыстан тұратын повесть, 17918 сөзқолданыстан тұратын – математика, 94973 сөзқолданыстан тұратын – ертегі, 6524 сөзқолданысты қамтитын алғашқы қазақ газеттері мәтіндерінен құрастырылған жиілік сөздіктері, сондай-ақ, қазақ мәтіндеріндегі графема-фонема, әріптер тіркестерінің, буындардың жиілік тізбелері енгізілген. Жинақта «Орхон Енисей жазба ескерткіштеріндегі екі таңбалы тіркестің пайда болу жиілігінің үлестірімділік» тізімі де берілген.
Жинақтағы жиілік сөздіктердің бұл уақытқа дейін жарияланып келген басқа жиілік сөздіктерден айырмашылығы – мұнда кездесу жиілігі бірге дейінгі сөздер де енгізілген. Авторлардың пікірінше, тек осындай жиілік сөздіктер ғана зерттеушіге лингвостатистикалық талдаулар жасауда бірден-бір тиімді, құнды мағлұмат бере алады деп есептелінеді.
Қазіргі кездегі жиілік сөздіктер компьютердің жәрдемімен жасалынады. Алғашқы кездері қазақ тіл білімінде жиілік сөздер қолмен құрастырылған. Бұл 1965-66 ж. Газет мәтіндерінен жасалған сөздіктерде қолданылған екен. Бұдан басқа тілдік стильдерден құрастырылған жиілік сөздіктерде «Минск-22», «Минск-32» электронды-есептеуіш мәшинелер (ЭЕМ-дер) қолданылған. Сөйтіп, қазақ тіл біліміндегі лингвостатистикалық жиілік сөздіктерді құрастыру да әртүрлі әдіс-тәсілдер арқылы орындалып келді.
Алмасбек БЕЛБОТАЕВ,
филология ғылымының кандидаты, доцент