№5 (177) Мамыр

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы  5  қаңтар күні  «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» деп аталатын мақаласында: «Көркем және деректі тарихи туындыларда мемлекеттілік және мемлекетшілдік идеясы әрдайым көрініп тұруы керек. Біз кезінде елге қызмет етудің озық үлгісін көрсеткен Алаш қайраткерлерінен тағылым аламыз. Олар өткен ғасырдың басында тәуелсіздік идеяларын халық арасында дәріптеугзаерейтойы аясында осындай біртуар тұлғаларды еске алып, олардың мұрасын жастарымызға және бүкіл әлемге паш етуіміз керек. Сонымен бірге, осы тақырыпты зерттеп н і қолдауға ие болуы және бағалануы қажет. Алаш арыстарының асыл мұрасын игеру жалғаса беруге тиіс», — деді.

Күні бүгінде Алаш қайраткерлерінің құжаттары толық нақтыланған жоқ. Мысалы, Алашорданың батыс бөліміне қатысқан Алаш қайраткерлері туралы мәліметтерді әлі күнге дейін ақтау бағытында ала алмай отырмыз. Осы жөнінде маған ақыл-кеңесін ұсынушы, ғылыми жетекшім, көрнекті алаштанушы-ғалым, тарих ғылымдарының кандидаты Дәметкен Сүлейменова айтып жүр. Архив қорында ақталмаған Алаш қайраткерлерінің құжаттары әлі күнге дейін шаң басқан күйінде сақтаулы.

Мемлекет басшысы «Егемен Қазақстандағы» мақаласында биыл «1921 жылғы Қазақстандағы аштыққа 100 жыл болатындығы» жөнінде мәліметтер келтірген-ді.

1921-1922 жылдардағы ашаршылық туралы материалдардың әлі күнге дейін толық зерттеліп, ғылыми айналымға енбей жатқандығы жөнінде айтып өтті. Осы тарихты зерттеу үшін де архивте отырып, көптеген жұмыстар жасалу керек екендігін ескертті. Сондықтан алдағы уақытта осы ғылыми ортада, Отан тарихында ашаршылық тақырыбын көтеріп, жаңа зерттелмеген материалдарды толықтыру қажет деп есептеймін. Ол үшін үлкен ғылыми – зерттеу орталығы Батыс Қазақстан облысында құрылу керек деп ойлаймын. Себебі, Батыс Қазақстан облысында Жымпиты елді мекенінде осыдан 1918 жылы алғашқы тәуелсіз мемлекеттің қарлығашы болып саналатын автономиялық «Батыс Алашорда үкіметі» құрылған болдеген атпен тарихқа енген. Сондықтан осындай Алаш зиялыларының табаны тиген жерге, тарихи оқиғалары сақталған ғимараттардың бар екенін ескеріп, осы ғылыми –зерттеу орталығы Орал қаласында құрылса дұрыс болар еді. Бұл жастарға ғылыммен айналысу үшін үлкен көмек болар еді.

Алғашқы мемлекеттік құрылымды құрған бұл Алашорданың Батыс бөлімі болатын. Бұл жөнінде жетекшіміз Дәметкен Сүлейменова 2008 жылдан бері Алаштың ізі қалған жерде «Алаш ғылыми-зерттеу орталығын» ашу туралы. айтып келе жатыр. Бірақ соған қол жеткізе алмай отырмыз. Бұның өзі Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай ел тарихын зерттеуге кедергі келтіріп отыр. Және оны құрып, ол мемлекеттік деңгейде жұмыс істеуі керек деп ойлаймын. Өйткені, мен жыл сайын осы Алаш тақырыбындағы жүргізіліп жатқан іс-шараларға қатысы « ақ жолы» атты үлкен байқау өткізіледі. Осының өзі Алаш зиялыларының тарихын, еңбектерін өскелең жас ұрпаққа танытуға жол салып беріп отыр.

Және тағы айта кететін жайт, біздің Маңғыстау өлкесінің де қаншама белгілі алыптаяз, З.Баймырзаев, Б.Қилыбаев сияқты тұлғалардың ғұмыры мен еңбектеріне байланысты ғылыми зерттеулер өз кезегін күтіп жатқаны еріксіз қынжылтады-ақ.

Аталған бас мақалада «Тарихты саясаткерлер емес, тарихшылар зерттеуі керек» деген  Президентіміздің ұсынысы қатты ұнады. Қазақ халқының өткен тарихы өте ауыр тарих. Алаш тарихын және ашаршылық жылдардың тарихын зерттеушілерге құрмет көрсетілсе деймін. 

Құжаттық негізде зерттелген тарихи деректерді жастарымыз көбірек оқыса, өткен тарихынан сабақ алары сөзсіз. Келешек ұрпақ ата – бабасының бастан өткен тарихынан тағылым алып, оны насихаттауға атсалысуы керек.

Биыл егемен еліміздің тәуелсіздік алғанына ширек ғасыр толмақ. Тарих қойнауына салатын болсақ, бұл уақыт тым аз болып көрінуі мүмкін. Алайда бұл кезең көптеген халықтар үшін қасіреті мен қуанышы, құлдырауы мен шарықтауы қатар жүрген тарихи кезең. Біздің бүгінгі тәуелсіздігіміз баянды болу үшін жалынды жастарымыз аянбай еңбек етуге тиіс деп ойлаймын.

Динара  СИСЕНОВА, Батыс  Қазақстан инновациялық – технологиялық университеті «Тарих»  факультетінің 4 курс студенті