№4 Сәуір, 2021

Бүгінде Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты ғибратқа толы мақаласына әртүрлі іс-шаралар арқылы үн қосу және алда келе жатқан ұлы мереке – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мейрамына даярлық бүкіл ел көлемінде қызу қарқын алып келеді. Ал мемлекеттік, қоғамдық өміріміздің барлық саласын қамтыған  айтулы күнді жоғары деңгейде атап өтуге ең алдымен үкіметіміз орасан зор көңіл бөліп отыр. Оған  Ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласындағы тебіреніске, елге деген махаббатқа толы лебіздер де зор куә. Президентіміз ұлағатқа толы бұл мақаласында тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде мәдениет саласында ісбұл ұлы іс әлі де жалғаса беретінін айтты.  Президентіміздің  бұл ізгі ықыласына Ақтөбе облысының мәдениет саласы да айтарлықтай үлес қосуға үлкен ықыласпен кірісті.

Иә, алдымызда айтулы мереке! Еліміз тәуелсіздік алғанына – 30 жыл.           

Қазақстан-бәсекеге қабілетті, ауқымды саяси, экономикалық және әлеуметтік реформаларды сәтті жүзеге асырған, өзіндік даму жолын таңдаған, күннен күнге қарыштап өсіп, азуы айды білеген алпауыт мемлекеттермен  тең дәрежеде тұрған егемен мемлекет. Егемен еліміздің экономикалық-әлеуметтік дамуымен қатар, мәдениетінің қарыштап дамуы да ерекше мән беруді талап етеді. «Мәдениет – ұлттың бет-бейнесі, рухани бол­мысы, ақыл-ойы, парасаты. Өркениетті ұлт ең алдымен тарихымен, мәдениетімен, ұлтын ұлық­таған ұлы тұлғаларымен, әлемдік мәдениет­тің алтын қорына қосқан үлкенді-кішілі үлесі­мен мақтанады. Сөйтіп, тек өзінің төл мәдениеті арқы­лы ғана басқаға танылады»деп Елбасы Н.Ә.Назарбаев атап өткендей,мемлекетіміздің мәдениет саласы қарқынды дамып, басқа дамыған шет елдермен тең дәрежеде болу үшін нық қадамдар жасалуда. Әсіресе,  әлемге жайылған коронавирус індетінің таралуы кезінде облысымыздың мәдениет саласы қызметкерлерінің халыққа рухани күш пен азық беру жолында жұмыла еңбек етуінің нәтижесінде бірқатар маңызды шаралар атқарылуда.

Бүгінгі таңда Ақтөбе облысының мәдениетін, кәсіби өнерін, ұлттық тарихи мәдени мұрасын дамыту мен нығайту жолында облыс тұрғындарына 2021 жылдың алғашқы күнінің есебімен алсақ, барлығы 481, оның ішінде 472 мемлекеттік мәдениет ұйымдары қызмет көрсетуде. Салазмны 3174,0 штаттық бірлік болса, оның ішінде шығармашылық ұжымдар құрамында — 1469   адам қызмет етеді.               &nbsbsnbsp;              

Егер нақты мысалдар келтірер болсақ, бүгінде  Ақтөбе аймағында  мәдениет, өнер ұйымдарында барлығы 1234 үйірме, оның ішінде жасөспірімдер мен балаларға арналған 844 үйірме өз жұмысын тұрақты жасап жатыр. Осы үйірмелерге қатысып, шеберліктерін шыңдап жүрген 8193  баланың ішінде ел ертеңіне елеңдейтін, болашақтары жарқын  Дінмұхамед  Құдайберген  сынды өнердің болашақ жарық жұлдыздары тәрбиеленіп жатыр деген сеніміміз мол.

Президент мақаласымен рухтанған мәдениет саласы Тәуелсіздік мерекесі алдында облыс бойынша мәдени ошақтардың жұмыстарын қарқынды үдеріспен жалғастыра түсуде. Аймақ мұражайларындағы  195732 экспонат көрермендерге тарих, өнер, мәдениет туралы сыр шертсе,  кітапханалардағы 3 800 000  кітаптан тұратын кітап қоры халықты біліммен байытып, рухани қажеттіліктерін өтеуде деуге әбден болады. Ал мемлекеттік архивтерде Ұлттық архив қоры құжаттарының  саны —  3214 қорға жетті.

Президентіміз Қ-Ж. Тоқаев елге әйгілі «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында тәуелсіздік алғаннан бергі 30 жыл ішінде Елбасымыз Н. Назарбаев бастаған «Мәдени мұра» бағдарламасы мәдениетімізді өркендетуге зор үлес қосқанын айта келе, бұл іс әлі де жалғаса беретінін мәлімдеген еді. Міне, Президентіміздің мақаласындағы осы ұлы іске үлес қосу мақсатында «Ақтөбе облысының аумақты дамыту бағдарламасы», «Рухани жаңғыру» бағдарламалары аясында өңірде 23 мыңнан аса іс-шара ұйымдастырылып, оның 15 мыңнан астамы онлайн форматта өткізілді.   

«Қазақстанның киелі жерлері географиясы» арнайы жобасын Ақтөбе облысы бойынша жүзеге асыру жоспарына сәйкес республикаға танымал ғалымарен 10 зерттеу жобасы ұйымдастырылды. «Ақтөбе өңірінің музыкалық мұрасы» фольклорлық антологиясын шығару жобасы жүзеге асырылуда. 

Ал әлемді жайлаған Төтенше жағдай жарияланған кезден  бастап   облыс көлемінде онлайн концерттер, көрмелер мен семинарлар, сұхабаттар мен дәрістер өткізу жұмысы жандандырылды.

         Биыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай облыста қоғамдық-маңызы бар ондаған ауқымды шаралар жоспарланып отыр. Әсіресе 2021 жылдың атаулы даталары мен мерейтойлар бойынша  Ақтөбе өңірінің тумасы, ақын, термеші Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының 160 жылдығына  арналған «Бес ғасыр жырлайды», А.Жұбанов атындағы қазақ халық аспаптар окрестрінің Ахмет Жұбановтың 115 жылдығына арналған қазақ классикасынан концерт,  Ақтөбелік  ақын, драматург, сазгер&nbібрналған «Бәкір аға» атты облыстық филармонияның шығармашылық ұжымдарының ұйымдастыруымен іс-шаралар жоспарлануда.

Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына «Ленинградтық өренім» жатқа айтудан облыстық байқау, «Жамбыл боп сөйле, бөгелме!» облыстық  ақындар айтысы, «Арайлы Ақтөбе» фольклорлық ансамблінің «Әлем ақыны» концерті, мәдениет, өнер мекемелерінде көрмелер, кештер, конференция, түрлі бағыттағы шаралар өткізу жоспарланса,  қазақтың аса көрнекті  ағартушы – педагогы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арналған облыстық кітапханалардың ұйымдастыруымен «Ұлы  даланың  дара  ұстазы – Ыбырай  Алтынсарин» оқырман  конференциясы,  «Кел, балалар, оқылық!» Ы.Алтынсарин атындағы Қостанай облыстық балалар мен жасме «Өнер білім бар жұрттар» кітап көрмесі, «Даланың  дана ұстазы»  әдеби кеші өткізілетін болады.

    Президентіміз «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты үлгі-өнегеге толы мақаласында ұлттық рухты, ұлттық салт-дәстүрді жаңғырту – тәуелсіз Қазақ Елінің ұлы міндетінің бірі екенін де айтып өтті. Бұл ретте «Рухани жаңғыру», «Дәстүр мен ғұрып» арнайы жобасын ілгерілету мақсатында «Ұлы дала театры» керуені атауымен облыстық драма театр ұжымының облысымыздың аудандары мен елді-мекендеріне гастрольдік сапарын ұйымдастыру көзделіп отыр.

Тәуелсіздігіміздің ұлы мерекесіне орай бағышталған іргелі істің бірі –«Қазақстанның киелі жерлер географиясы» жобасының Ақтөбе облысы бойынша  іс-шаралар жоспарын  2021-2024 жылдардың жол картасына сәйкес жүзеге асыарsp; тоқталсақ алда атқарылар іс көп. Енді соған қысқаша тоқтала кетелік: аса маңызды тарихи-мәдени және сәулет өнері ескерткіштерін ғылыми зерттеу;

 — Облыс аумағындағы археологиялық ескерткіштерді зерттеу жұмыстарын жүргізу керек;

— Ұлттық тарихи-мәдени мұраны жергілікті, республикалық және халықаралық деңгейде насихаттау қолға алынбақшы;

— Ғылыми, тарихи, және мәдени басылымдар  әзірлеу оларды баспадан шығару және  мұрағаттық-библиографиялық ізденістер қарастыру;

— Ескерткіштерді сақтау, қорғау қайта қалпына келтіру бағыты;

Елімізге есімі мәшһүр дәстүрлі орындаушы-музыканттардың фоножазбаларын, фольклорлық мұраларын қазіргі заманғы аудио-бейнежазбаларға түсіру.Сол сияқты  еліміздегі «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 202ғдниет объектісін: Хромтау ауданындағы (Көктау ауылдық клубы және Мәртөк ауданында  (Қаратоғай ауылдық клубы) күрделі жөндеу.

Біз жақында облыстық мұрағат пен кітапханаға, аудандық мұрағат пен мұражайларға арналған типтік ғимараттардың құрылысын бастамақшымыз (2021 жыл – Темір, Алға, Хромтау, Мәртөк);

    Ал сахналық өнер саласында «Алақай» қуыршақ театры облыстық халық шығармашылығы  Орталығына  (Металлург МҮ)  күрделі жөндеу де тәуелсіздіктіңесбілеміз.

    «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша Қобда ауданы Білтабан Қарғалы  ауданы  Степной ауылдық клубтарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу; 

     Аудандық кітапханаларға (АләрХромтау, Шалқар, Ырғыз) ВЕБ-РАБИС бағдарламасын сатып алу, кітапханалар жүйесін жаңғырту, мәдениет, өнер, архив мекемелерін цифрландыру жұмысын жалғастыру.

   2021 жылға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында облысымызда үкіметтік емес ұйыммен «Ақтөбе – тұрғындарды  мәдениетке баулу» жобасы іске асырылуы жоспарлануда.  Жоба  барысында тұрғындарды Ақтөбенің мәдени өміріне кеңінен тарту, сондай-ақ мәдениеттің әртүрлі салаларындағы қызмет көрсету деңгейін арттыру;  қала тұрғындарының мәдени деңгейі көтеріледі.  Жазғы  маусым кезінде қала алаңдарында түрлі форматта мәдени іс-шаралар көрініс алатынына сенімдіміз.

Президентіміз Қ.Ж.Тоқаев өзінің бір сөзінде «Мәдениет — қоғам айнасы» деген еді. Еліміздің мәдениеті мен өнері дамыған сайын қоғамның да көзқарасы өзгерері анық. Өңірімізде жыл бойы өткізілген шаралар бірлескен жұмыстың тәтті жемісі деп білеміз. Жаңа жылда ұйымдастырғалы отырған маңызы зор шаралардан да күтер үмітіміз зор. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған рухани құндылықтарымызды дәріптейтін, мәдениетімізді жан-жақты насихаттайтын шаралар алдағы саіз. Мәдениетіміз өркендеп, рухани құндылықтарымыз арта берсін деп тілейміз.

Алмасбек Сүлейменов, Ақтөбе қаласы