№2 Ақпан, 2025

Биыл қазақстандық музей мамандарының ақпараттық-әдістемелік алаңына айналған kazmuseum.kz сайтының ашылғанына 10 жыл толып отыр. Сайт жұмысы 2015 жылғы 17 сәуірде басталған еді. Музей ісі бойынша тұрақты түрде жұмыс жүргізіп келе жатқан kazmuseum.kz сайты идеясының авторы әрі сайттың бас редакторы – Нұрсерік Жолбарыс, ҚР Мәдениет саласының үздігі, музейтанушы. уыкасы  Ұлттық музейінің 2014 – 2016 жылдардағы директоры Дархан Мыңбай, IT маманы Рымбек Ізғали қолдау көрсеткен.

Сайттың ашылуына Қазақстанда музей қызметі туралы жариялайтын кәсіби сайт пен музей мамандары үшін әдістемелік интернет ресурстың жоқтығы себеп болды.

Сайтта бірнеше айдар жұмыс істейді. Оларды ақпараттық және әдістемелік деп екіге бөліп қарастыруға болады. Мәселен, ақпараттық мазмұнды қамтитын айдаларда конференциялар мен форумдар, семинарлар өтетіні туралы хабарландырулар жарияланады. Сайттың негізгі мазмұнын қамтитын «Экскурсия қызметі», «Музей м «Қор сақтау», «Музей ісіндегі заңнама», «Ескерткіштану», «Ашық алаң», «Музеология мәселелері» айдарларында әдістемелік материалдар жарияланады.

ықы да кездестіруге болады. Олардың қатарында «Көрмелер», «Тұлға», «Экспонат тарихы», «Қолда бар жәдігер», «Қазақстан музейлері», «Әлем музейлері» сияқты айдарлар бар.

Тағы бір атап өтетін айдардың бірі – «Консервация және реставрация» айдацялық жұмыстар туралы жарияланатын бұл айдардың да маңызы зор. Сонымен қатар, сайтта музей ісіне қатысты конференциялар мен форумдарда, семинарларда оқылған баяндамалар да жарияланып тұрады. ҚР Мемлекеттік Орталық музейі, ҚР Ұлттық музейі, Ә. Қастеев атындағы Өнер музейі, «Отырар» археологиялық музей-қорығы, Алматы тарихы музейі, «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы сияқты музейлер сайтта жиі ақпарат жариялайды. Жекеленген авторлардың да үлесі осы музейлердің қызметкерлеріне тиесілі. Жарияланған материалдар көбінесе музейде өткен іс-шаралар мен музей қорындағы заттар, тарихи тұлғалар туралы мақалаларды қамтиды. Бірнеше бөлімнен тұратын мақалаларды жариялайтын тұрақты авторлар да бар. Олардың негізгі тақырыбы эпистолярлық мұра, әдістемелік кеңестер, экспедиция жетістіктері туралы болып келеді.

Мазмұны мен ұсынатын ақпараты жағынан алсақ, музейлердің заманауи әлемде ілгері дамып, түрлі сұранысқа сай қүл сайт – музеологиялық бағыттағы бірегей құрал. Сайт парақшасы әдеттегідей жоғарғы (header), негізгі жұмыс (work area) және төмеңгі (footer) бөліктерден тұрады. Жоғарғы бөлікте экскурсия қызметі, музей педагогикасы, музей менеджменті, экспозиция, музей экспедициясы, қор сақтау, жаңалықтар контентін құрайтын ақпараттар тақырып бойынша жинақталған, оның үстіне қолданушылар жағынан қаратыуақытта 3 мыңнан астам материал бар. Еліміздің музейлері алдағы уақытта kazmuseum.kz сайтымен бірлескен сандық форматтағы виртуалды көрмелер өткізеді деп сенемін.    

ICOM Kazakhstan Ұлттық комитетінің де жұмыстары осы сайтта жарияланады. Ол үшін сайтта арнайы айдар ашылған. Комитет тарапынан өткізілетін барлық шараның ақпараттары, хабарландырулары, фоторепортаждары сайтта толығымен қамтылған. Материалдарды  бір тәулік ішінде орта есеппен 100-1200 оқырман оқиды. Оқырмандар негізінен әлеуметтік желілерден келеді, оқырман легін тартуда Facebook әлеуметтік желісінің маңызы зор екенің айтқан жөн. Қолданушылардың басым бөлігі ұялы телефондар мен смартфондар арқылы пайдаланатындықтан сайт мұндай техникалық құрылғыларға да бейімделіп жасалған.  Көп қаралатын материалдардың қатарына құқықтық-нормативтік актілер, әдістемелік нұсқаулықтар, сұхбаттар жатады.

Сайт 2016 жылғы ақпанда Халықаралық музейлер кеңесінің «ICOM Қазақстан» Ұлттық комитетінің медалімен марапатталған; 2016 жылғы қазанда ҚР Тұңғыш Президенті Қорының «Мемлекеттік тілдегі үздік сайт» конкурсында «Терең ізденіс» номинациясы бойынша жеңімпаз деп танылды;  

2016 жылғы желтоқсанда Қазақстанның интернет саласындағы ең үздік AWARD сыйлығы ұйымдастырған байқауда «Мемлекеттік тілдегі үздік сайт» номинациясы бойынша II орынды иеленді;

2018 жылғы қаңтарда kazmuseum.kz сайты  Түркия Республикасында Қазақстан музейлерінің қызметкерлеріне арнайы тағылымдама ұйымдастырды. Тағылымдама соңында Қазақстан Республикасыныңағше және Өкілетті Елшісі Абзал Сапарбекұлының Алғыс хатымен және Түркия Республикасының Мәдениет және туризм министрлігінің Тарихи-мәдени мұраны қорғау дирекциясының сертификатын иеленді.  

2020 жылы бүкіләлемдік пандемия уақытында отандық музейлер қызметі мен жылдық жоспарға сай өткізілетін іс-шаралар тұралап қалу қаупі туындаған кезде сайттың орасан зор рөлі туралы айтқан жөн. Карантин жағдайындағы музейлер өз қызметін Қазақстандағы 3D турлар мен виртуалды экскурсиялар, онлайн дәріс, сайыстар т.б жүргізу арқылы жүзеге асырды. Әсіресе, kazmuseum.kz сайты мен Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейі бірлесе өткізген «Қазақстан музейлерінің мамандары үшін біліктілік арттыру курсы» атты онлайн режимдегі жобасы музей ісіндегі ең ұтымды шешімдердің бірі болды.

          Бүгінде сайттың форматы барлық электронды құрылғыларға лайықталған және Facebook, Instagram әлеуметтік желілерінде ресми парақшалары ашылған. Атап айтқанда Facebook әлеуметтік желісіндегі оқырманы саны – 3200, Instagram әлеуметтік желісінде 20 800 оқырманы бар. Facebook әлеуметтік желісінде сайттағы материалдарға сілтеме берілсе, Instagram әлеуметтік желісінде қысқа мәтіндегі танымдық, ақпараттық материалдар жарияланып тұраынсы ашылған. Платформадағы парақшада біліктілік арттыруға арналған бейне-нұсқаулықтар, танымдық материалдар жүктелген. Сонымен бірге 2015 жылдан бері «Kazmuseum.kz» қорының редакциясы музей қызметкерлерін заман талабына сай сайтты жүргізуге оқытып, осы тақырыпта семинар-тренингтер өткізді. Қазіргі уақытта отандық музейлер жайында жарық көрген әдебиеттер базасын қалыптастыру ісі аса қажет, кезек күттірмейді деп те айтуға болады. Бұл ретте мақала авторы музей ісіне қатысты жарияланған мәліметтер мен заңнамаларды жинақтап, жүйелі сақтап отырған kazmuseum.kz сайтымен бірлесе Қазақстан музейлерінің библиографиялық көрсеткішін құрастыру жұмыстарын бастауға ниетті.

          Сөз соңында, бүгінгі заманның барлық нақты мүмкіндіктерін пайдаланып, еліміздің музейлері мен мәдени кеңістігінде тұтастай интернет-ресурстардың дәуірін ілгерілету қажеттілігі туындады. Яғни, музей саласына еніп жатқан жаңа ақпараттық технологиялар, электронды ресурстар, пайдаланушыларға қызмет көрсетудің жаңа формалары үнемі жанданып, ілгері басып келеді. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен отандық музанеткіштерін, даму динамикасын зерттеп-зерделеп отырған және  еліміздің мәдени кеңістігінде өзіндік орны бар kazmuseum.kz сайтының  тәжірибесін таратуға әбден болады.

Ләззат Нұркеева,Қазақстан музейлерін дамыту жөніндегі үйлестіру-әдістемелік орталығының ғылыми қызметкері, Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі