№7 Шілде, 2023
Белдік (белбеу) – бағзы заманнан көптеген халықтардың мәдениетінде қасиетті мәнге ие құнды заттардың бірі. Белдік – қорғаныс шеңбері ретінде ең мықты бойтұмар, қауіпті сыртқы әлемнен қорғайтын қасиетке ие зат ретінде ер адамның беліне тағылатын әсемдік бұйым. Белдіктің салтанатты жерлерге тағатын күміс және қарапайым теріден, матадан жасалған түрлері болған. Белдігіне қарап адамның шығу тегін, жасын, мансабы мен мәртебесін, дәрежесін, байлығын ажырата білген. Белдікті үнемі тағып жүретін болған. Ал егер белдігі болмаса адамды басқа тылсым әлемге, зұлым рухтарға тиесілі деп есептеген. Түркі мқаиетінде жын-перілер ғана белдік тақпаған. Өйткені олар ортаңғы әлем, яғни тірілердің әлеміне жатпайды деп санаған.
Көшпенділерде 1 жастан асқанда, яғни осы қауіпті кезеңнен асқан балаға Тұсау кесер – төменгі жақтың белдігін кесу салты жасалған. Көшпенділердің салты бойынша адам өз өмірінде үш кезеңнен өтуі тиіс: жоғарғы (өлімнен кейін) – белдік мойынға салынатын уақыт, ортаңғы – адамның өмірі, бұл белдікті кіндіктің тұсына тағатын уақыт, төменгі (балалардың өмірге келетін уақыты) – бұл кезеңде белдік арқан сияқты аяққа тағылады. Осы салтты көшпенділердің алғашқы белдігі деп атаған. Екінші белдікті әкесі ұл балаға 13-14 жасында сыйға тартқан. Бала бұдан былай жігіт болып саналып, үлкендермен бірге ас ішетін болған және осы белдікті өмір бойына сақтаған. Кейбір белдіктердің құны бір үйір жылқының құнына дейін бағаланған. Белдікті ұрпақтан-ұрпаққа мұраға қалдырып, қажет болған жағдайда оны кепілге де қойып отырған. Қайтыс болған ер адамның белдігін жоғары іліп, кейін оны бойтұмар ретінде киіз үйдің бір бұрышына іліп қойған. Әйелдердің белдігі жүннен, барқыттан, жібектен, ешкінің қылынан, былғарыдан, күмістен жасалған. Ерте замандарда әйелдер жүннен жіңішке құпия белдік тоқып, бойтұмар ретінде киімнің ішінен тағып алатын болған. Белдікті жасағанда өзінің тілегін, дұғасын оқып, бейне бір белдікке тылсым күшті қоса тоқып отырған.
Белдідаазақта «Белбеулі адам – қадірлі кісі» деген сөз бар. Яғни, осындай қасиетті мәнге ие белдікті қай заманда болмасын қадір тұтып қастерлеген.
Нәзір Төреқұлов мұражайының экскурсия жүргізушісі
Р.Нышанбаева,