№6 Маусым, 2023
Өткен ғасырдың 30-шы жылдары Кеңес Одағы билігінің қазаққа қарсы қолдан ұйымдастырылған қуғын-сүргін зобалаңының құрбаны болған ұлттық ұлы тұлғаның бірі Халел Досмұхамедов-тұғын. Халелдің әрі дәрігер, әрі педагог, әдебиетші, әрі тарихшы, ағартушы, әрі тіл маманы, әрі өз заманының өте озық ойлы саясаткер, өмірде өте сирек ұшырасалғұрпақ әлі де толық біле бермейді десек те оғаш айтқандық бола қоймайды.
Халел Досмұхамедовтың «Табиғаттану», «Адам анатомиясы», «Жануарлар» және басқа да еңбектері ғылым саласында күні бүгінге шейін өз құндылығын бір мысқалдай да жоғалтқан емес.
Халел ұлттық әдебиетке де қомақты үлес қосқан қаламгер десек, Ю.Вагнердің «Рассказы о том, как устранено и работает наше тело», («Дене бітімі мен оның жұмысы туралы әңгімелер»), «Рассказы о тоы аптарын қазақшаға тәржімалап, кітап етіп шығарғаны өз алдына бір тақырып.
Кеңестік-кремльдік қуғын-сүргін құрбаны болған қазақ зиялыларының есімін ел есіне салып, оларды жас ұрпақтың отаншызіабыройлы парызы екенін көріп отырмыз. Бұл орайда Алматы уәлаятының мәдениет, мұрағат және құжатнама басқармасының дәргейіндегі «Алматы облысының мұражайлар бірлестігі» МКҚК бөлімшесі «Саяси қуғын-сүргін құрбандары мұражайының ұйымдастыруымен Алаш қозғалысының қайраткері, мамандығы дәрігер бола тұра қоғам өмірінің, оның ішінде қазақ милләтінің өміріндегі қым-қуыт мәселелердің оң шешілуіне қисапсыз үлес қосқан Халел Досмұхамедовты еске алуға, яғни, оның 140 жылдығына арналған алқалы жиын Алматыда өтті.
Бұл шара барысында Халел Досмұхамедұлының Алашорда үкіметін құру жолындағы жанқиярлық еңбегі, Батыс аймақтағы Алашорданы басқарған уақыттағы қайраткерлік қимылдары, қазақтың ауыз әдебиетінің нұсқаларын жинақтатуға бастамашы болуы «Алматыдағы ең алғашқы жоғарғы орнын ашуға сіңірген ебегі», бұған қоса медицина саласындағы маңызды ғылыми еңбектері жайлы әңгімелер айтылып, оның қалай жазықсыздан жазықсыз халық жауы атанып, жазықсыз атылғаны туралы Халел танушы, тарихшы, медицина саласының ғалымдары жасаған баяндамалар өте тартымды болды. Филология ғылымының докторы, профессор Ғарифолла Әнес «Пассионар тұлға» деген тақырыпта дәріс-лекция жасады. «Саяси қуғын-сүргін құрбандары» мұражайындағы келелі (Алматы облысы, Талғар ауданы, Жаңалық ауылы) әңгіме-дүкеннен кейін Жаңалық ауылындағы «Алаш арыстары» атты мешітте Халел Досмұхамедовтың рухына дұға оқылып, Құран бағышталды.
Мырзан Шалқари