№4 Сәуір, 2023
Іргесі 1910 жылы қаланған білім ордасының алғашқы шәкірттерге есігін айқара ашқанына бір ғасырдан аса уақыт өтіп барады. Мектеп — білім ошағы, тәрбие ордасы, тағылым табалдырығы. Осындай киелі орын болып қалыптасуда, ұрпақ тәрбиесінде ғасырлық қолтаңбасы бар біусек, солардың бірі — «Н.К.Крупская атындағы №14 мектеп-лицейі».
Бүгінгі еселі еңбегімен еліне танылып, қызмет етіп жатқандарды «біздің мектептің түлектері» деп мектеп те, ұстаз да мақтаныш етеді. «Тарыдай болып кіріп, таудай болып шыққан» түлектер Алтын ұя мектебімізден әлі күнге дейін үзбей байланыс жасап, керек кезінде қажетімізге жара0,я мектепте үлгілі тәртібімен, сапалы білімімен ерекше көзге түскен шәкірттеріміз, бүгінгі күндері Отан үшін, елі үшін еңбек етіп жатқан ғалым, акедемик, генерал, профессор, жазушы, ақын, ірі қоғам қайра дбіздің мектептің түлектерідей аламыз!
Мектебіміз оқу-тәрбие жұмыстарын ұтымды ұйымдастырылуының және білім сапасы негізінде мектеп ұжымы облыстық байқауда «Үздік жетекші мектеп-2020» номинациясына, 2021жылы аудан бойынша «ҮЗДІК БІЛІМ ОРДАСЫ-2021» атанып, 500 000 теңге сертификатына ие болды. Сол жылы «Ең үздік қала мектебі» атағын алды.
«Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының аясында ұйымдастырылған «Креативті көшбасшы-2018» атты командалық кәсіби сайысында мектебіміз I орынға ие болып, «BILIM ORDAM-2018» тележурнал байқауының III дәрежелі дипломымен марапатталды.
Өскелең ұрпаққа білім, тәрбие беру жолында өзінің еңбектерін заман талабына сай ғылыммен ұштастыра білетін, оқытудың, тәрбие берудің әдістемелерін жетілдіру, дамыту мақсатында жан-жақты ғылыми ізденісте жүрген ұлағатты ұстаздарымыз баршылық.Атап айтатын болсақ 2018 жылы физика пәні мұғалімдер арасында ұйымдастырылған аудандық олимпиадада ұстазымыз Е.Сәрсенбаева бас жүлдеге тігілген автокөлікті жеңіп алса, дәл осы сайыста 300 мың теңгелік сыйақы сертификатын мұғаліміміз С.Жалтумаева II орынды қанжығасына байлап, жас маманымыз Жусипова Ботакөз «Ең жас физик» атағына ие болды.
Мектебіміздің мұғалімдері мен оқушылары аудандық, облыс көлемінде мемлекеттік тілде өткізілетін әр түрлі білім байқаулары мен мәдени іс-шараларға тұрақты қатысып, жеңімпаз, жүлдегерлер атанып жүр. Осындай республикалық байқаулардың бірінде ағылшын тілі пәнінің мұғалімі А.Абубакирова I орынға ие болған.
Орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі Ж.Қ.Қонарованың шығармашылық іс-тәжірибелері республика көлемінде таратылып, насихатталуда. 2020 жылы Қызылорда облысы әкімінің білім беру саласының қызметкерлеріне тағайындаған біржолғы 833 400 теңге сыйақысының иегері болды,шәкірттері А.Тоғыс және Н.Еңсепбайқызы жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінен жүлделі орындар алып,республикалық кезеңіне жолдау алды. Сонымен қатар Н.Еңсепбайқызы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының жеңімпазы атанды.
Г.Қосбармақова,У.Альжанова,Б.Бисенбаев, Г.Есенбаева, Г.Балымбетова, А.Утемисова, А.Жаксылықова,А.Серікбаева секілді ұстаздарымыз 2022-2023 оқу жылындағы 2-7 сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының республикалық «Зерде» конкурсынан жүлделі орындарға ие болды.
2023 жылы математика пәнінің мұғалімі С.Серғазиевтің жетекшілігімен «Ө.Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша зерттеу жобаларының Халықаралық конкурсынан» 11- сынып оқушысы Ә. Жеңіс III орынға ие болды.
Биыл мектебіміздің ұстаздары А.Алмағанбетов,С.Алеева,А.Абдиева,А Сарсенбаева, М.Жұмахметовалардың шәкірттері жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне қатысып,барлығыда жүлделі орындарға ие болды.
М. Жұмабаев: «Баланы мұғалімнің өзіндей қылып шығармай , келешек заманына лайықтап дайындау керек» деген екен. Сондықтан қазіргі оқушылар заман талабына сай тәрбиеленуі тиіс. Отбасының да, мектептің де, қоғамның да мақсат- мүддесі біреу, ол — заман талабына сай ұрпақ тәрбиелеу. Болашақта бұдан да жоғары жетістіктерге қол жеткізіп, білімнің биік шыңдарын бағындыра беру біздің басты мақсатымыз.
Өз тілшіміз