№3 Наурыз, 2023
Ұлт пен ұлтты айыратын – мәдениеті, тілі, салт-дәстүрі. Жер бетінде қаншама халық жеке мәдениеті мен тілін жоғ Ұлін сүюден бастау алса керек.
Арыстан жүрекңіік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың –
Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың…
Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,
Нұрлы жұлдыз – бабам тілі, сен қалдың!
Иә, ата-бабадбаақ салып тілеген әруақты ерлердің тәуелсіздік арманы өңге айналып, азаттық таңы атты. Арайлы күн шұғыласы бетімізге түсті, рухымыз қуаттанды. Енді баба тілімізді көркейтуге не кедергі?
Қала мектептеріндегі оқушылардың дені орыс тілінде сөйлеп, орыс тілінде бір-бірімен ұғынысып жүргенін байқаймыз. Әрине, кеңестік кезеңде тәрбиеленген ұрпаққа тағар үлкен кінәміз жоқ, бірақ сол ұрпақ рухани енжарлықтан аулақ болып, балаларын қазақ тілінде тәрбиелесе екен. Адам қай тілде сөйлесе, сол тілде ойланады, қалай ойланса, өмірі солай өрбиді. Мәселен, орыстілді замандастарымыздың әдеті мен әдебі де қазақ салтына ұқсамайтынын көз көруде. Яғни тіл арқылы тұлғаның мәдениеті қалыптаспақ, тіл арқылы тұтас болмыс түзілмек.
Ауызды қу шөппен сүртуден аулақпыз, тәуелсіздік жылдардан бергі кезеңде төл тілімізде сөйлеушілер саны артты. Теледидар мен түрлі бағдарламалар қазақ тілінде жүзеге асты. Қазақ басылымдарының саны артты, қоғамдық орталарда қазақша сөйленіп, ұлтшыл жастар молайды. Әлемдік бестселлерлер мен маңызды кітаптар қазақшаға аударылып, жастар еркін оқуға мүмкіндік алды. Ұлт руханияты өлшеусіз үлес қосқан қадау-қадау тұлғалар жайлы кино түсіріліп, насихатталып келеді.
Паустовский: «Туған тіліне жаны ашымаған адам – жәндікпен тең» деген екен. Шыныда, ана тілі – ар өлшемі. Тілді шұбарлау – арды шұбарлау, көңіл тұнығын лайлау. Ұлт тағдырына селсоқ қарау сынды салғырт ұғымдар тілге жөнсіз қараудан басталмақ. Көрнекті ақын Әбілда Тәжібаев:
Туған елім – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы,
Өссе тілім, менде бірге өсемін,
Өшше тілім, мен де бірге өшемін!– деген болатын.
Тілімізді қорғаудың, аясын кеңейтудің бірнеше әдісін, алғышартын ұсынып көрелік. Біріншіден, әр отбасы қазақша сөйлесуді, үйде қазақша мәмілеге келісуді қолға алуы керек. Осы арқылы келесі ұрпақ ана тілінде сөйлеп өсетін болады.
Толстой: «Әркім өз ауласын сыпырса, бүкіл қоғам тазаланар еді» деген болатын. Қазіргі ұрпақты қазақша тәрбиелемесек, одан кейінгі ұрпақ та орыс тілді болып өсуі ғажап емес. Екіншіден, бұқаралық ақпарат құралдарынан ана тілде сөйлеудің құдіреті, ана тілінің тағылымы жөнінде бағдарламалар көбеюі керек. Әсіресе ауқымы кең телеарналар ғибратты істі қолға алса нұр үстіне нұр. Философ Ницше «Біз барлық қасіретті ұсақ нәрсені елемеуден табамыз» деген-тін. Бір ауыз сөз кейде елеусіз, ұсақ нәрсе болып көрінуі мүмкін, алайда сол арқылы өзіңнен өрбіген тұтас ұрпаққа үлгі шашуға болады. Жат елдің тілі һәм мәдениетімен өскен бала өркөкірек, имансыз, дөрекі болуы мүмкін, ондай балаға мейрірім, қайырымдылық, ізгілікті үйрету қиынға соқпақ. Үшіншіден, тілді қуаттау жөнінде арнайы сайыстар, дебаттар ұйымдастырылуы тиіс. Сайыстарға жоғарғы қаржы тағайындалып, орыстілді қазақтардың ынтасын оята білу қажет.
Қорыта айтқанда, тіл – ұлт жүрегі, тіл – ұлт байлығы. Жүсіпбек Аймауытов: «Ана тілі – халық боп жасағаннан бері жан-дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі» деген екен. Тіліміздің орасан зор қабілетін ашып, бай мұрасын болашаққа жеткізу – азаматтық борышымыз.