№3 Наурыз, 2023
Әлбетте, қазіргі кітапханалар бұрынғыдай кітап беріп, қабылдап қана отыратын мекеме емес. Қазіргі замандағы жас ұрпақтың кітап оқу, білім алу, бос уақытында шығармашылықпен айналысу орталығы кітапхана.бүгінде кітапхана қызметінің мазмұны да қоғамның қажеттілігіне қарай түбегейлі өзгеруде. Осыған байланысты Оралхан Бөкей атындағы кітапхананың №12 филиалында Өскемен қаласынан шалғайда орналасқан Шығыс ауылында балаларға арналған «IT-орталығы» ашылдғығы қандастарымыздың балаларына заманауи технологиямен жұмыс істеуді үйрету.
Шығыс ауылы — Монғолия, Қытай елдерінен атажұртына оралған ағайындар қоныстанған елді мекен. Олардың көпшілігі көп балалы, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар. Ал, ауылдағы орта мектепте оқитын оқушылар саны – 866 құрайды. Осы оқушы балалар отбасындағы тұрмыстық жағдайы және қалаға қатынау қиындығына байланысты өзін-өзі жан-жақты дамыту үшін түрлі үйірмелер мен мектептен тыс қосымша сабақтарға бара алмайды. Оларды жаңа технология түрлерімен қамтамасыз етуге ата-аналардың да мектептің де жағдайы келе бермейді. Шығыс ауылының балалары үшін арнайы лицензиясы бар бағдарламалармен қамтылған сандық үлгідегі құрал-аспаптар қолжетімді емес. Ал, осы IT- орталықтың құрылуы жас қандастардың цифрлық технологияғ «IT орталықта» 3D үлгі жасау, 3D басып шығару, Lego құрылымы арқылы робот үлгілерін жасап, олардың қозғалыстарын бағдарламалауды үйренеді. Мобильді қосымшар дарламасын құруды меңгереді. «IT орталығының» сабақтарын Оралхан Бөкей атындағы кітапхананың білікті мамандары жүргізеді.
Ауыл балалары мен ата-аналар кітапханадағы жаңа орталыққа ризашылық білдірген еді. «Шығыс ауылында осындай жаңа орталық ашылғаны жақсы болды. Балалардың Өскеменге барып, үйірмелерге қатысуға еш мүмкіндігі жоқ. Бұл әсіресе, жастарға керек. Жас балалар білім алып, технологиямен жұмыс істеп үйренеді. Сондықтан, осындай орталықтың ашылғанына өте ризамыз! – деп лебізін білдірді зейнеткер ана Роза Бакешқызы.
«Маған осы жаңа орталық қатты ұнады. Мен робот құрастыруды үйрендім. Енді сандық үлгілеуді үйренгім келеді. – дейді Әділұлы Алдияр (4-сынып оқушысы). «Мұнда жаңа технологияның небір қызықты түрі бар. Мен цифрлық технология құралдарымен әртүрлі заттар жасап үйренгім келеді. Бұл жерде робот жасау, бумагия, тоғызқұмалақ үйірмелері де бар. Өскенде ғарышкер болуды армандаймын. Ол үшін сабақты жақсы оқу керек деп ойлаймын». – дейді Азаматұлы Айдын (5-сынып оқушысы). Дина Бақытбекқызы (6-сынып) «Мен өскенде суретші болуды армандаймын. Кітапханада болып жатқан IT- технологиялар, бумагия, 3D қаламмен өрнек салу өте қызықты. Сондықтан да кітапханаға жиі келемін». – дейді.
Біз ең заманауи және озық дағдыларды үйрететін «Жас IT маманы» жобасы аясында Шығыс ауылында заманауи орталық ашуға демеушілік көмек берген «Қазмырыш компаниясына»ризашылық білдіреміз.
Ал, «Жас IT маманы» жобасының басты мақсаты – «Сандық үлгідегі Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға үлес қосу.
Шекер Нұрғалымқызы,
Оралхан Бөкей атындағы кітапхана қызметкері