№1 Қаңтар, 2022

Қазақ хандығымен қырғи-қабақ жағдай Ресей үшін әбден тиімді еді. Қалдан Бошақтының тұсында жоңғарлар Жетісудың көп жерін иемденді. 1618 жылы оның бас қолбасшысы Сыбан Раптан Сайрамды алып, күл-талқан етті. Егер жорық сол қарқынмен жүре бергенде, қазақтардың жағдайы не болары белгісіз еді. Бірақ сол кезде қоңтайшы мен Қытай арасындағы қарым-қатынастың қатты шиеленісуі жоңғарлардың басты назарынке толас туды. Сол кезде қазақтар қалмақтардың мұншама еңсере қимылдауының сырын дұрыстап ұға бастады

Торғауыт жоңғар, ойрат – бәрі қалмақ,
Орыстар мен қытайды жүрген алдап.
Сол екі елден алған соң дәу мылтықты.
Келеді жолдағы елдің бәрін жалмап,-деп Қожаберген айтқандай, жоңғарлар ол кезде қазақтардан екі түрлі себеппен басым түсті. Бірінші, Орал тауларынан Тынық мұхитқа дейінгі байтақ кеңістікке бірдей көз сүзіп отырған Ресей мен Қытайдың арасында іштей бәсекені шебер пайдалана білді; соның арқасында өздері жасай алмайтын қаруларға ие болды. Осыны аңғарған Тәуке жоңғар-қытай соғысына байланысты таласты пайдаланып, іліп, қару-жарақ бөлуді көздеді. Тек 1686-1693 жылдардың өзінде Сібірге бес рет елшілік жөнелтті. Ал 1693 жылы Қалдан Бошақтыға у беріліп, өлтіріліп, жоңғарлар арасықын да жиілетті. Бірақ ол әрекеті ешқандайкегі бәсекелесі қытайлармен алысып жатқан астыртын одақтасы Жоңғарияны әлсіреткісі келмеді. Екіншіден, тездетіп «Жаркент алтыны» мен «Үнді алтынына» жетіп алу үшін Еділ қалмақтарының, башқұрттардың, шет аймақтағы қазақтардың қазақ даласына біртіндеп басып кіруіне жағдай жасағысы келді. Үшіншіден, қазақ билеушілерінің арасында Ресеймен одақтас болуды қаламайтын қарсы күштердің бар екенін жақсы білетін еді. Тәуке ордасындағы «Ресеймен тату болуды» жақтайтындар мен «Ресеймен араздықты» жақтайтындардың арасындағы тайталастың салдарынан 1692 жылы жіберілген Ф.Скибин, М.Трошин елшіліктерінің қамауға алынып, елші А.Неприпасов пен тілмәш Оразай Түркістанда қайтыс болып, елшіліктің қалған мүшелері 1695 жылы зорға қашып құтылып, 1697 жылы Тобыл қаласына әзер жеткенін де ұмытпаған еді. Бұл – «Ресей әкімшілігі көктен тілегенін жерден тапты» деген сөз. Мұндай дүрдараздықтан түбінде Ресей емес, қазақтар зардап шегетіні түсінікті еді. Өйткені Ресей 1552 жылы Қазанға басып кіргенде де, 1873 жылы Хиуаға басып кіргенде де дәл осындай «орыс елшісі мен орыс тұтқындарына» көрсетілген зорлықты тілге тиек еткен-ді. Жалпы, болашақта қол салуды ойлап жүрген көрші елдермен алдын-ала осындай ілік шығарып қою барша империялардың, соның ішінде патша империясының да кәнігі әдеті еді. Онсыз да жан-жағынан жау анталап, жаны алқымға келіп отырған Қазақ хандығымен қырғи-қабақ жағдай ол кезде Ресей үшін стратегиялық жағынан да, тактикалық жағынан да әбден тиімді еді. Сондықтан да ол Қазақ хандығының дипломатиялық табысқа жетіп, сыртқы факторларды пайдалана отырып әлсірей бастаған ахуалын қайта күшейтіп алуына жол бергісі келмеді. Қазақ руларының Еділ, Жайық, Есіл, Тобыл, Ертіс бойындағы «казак бекіністерін жиі мазалайтындарын» тілге тиек етіп, қабақ жылытпауға бел буып, Тәуке ұсыныстарының бәрін аяқсыз қалдырды. Ол аз дегендей, қазақ даласына батыстан, терістіктен, шығыстан, тіпті күнгейден жасалар қысымшылықтарға астыртын дем берді.

«САТҚЫН» ДЕП ЖАЗҒЫРА АЛМАЙМЫЗ

Арғы-бергіде қазақтардың халықаралық жағдайының мұнша шиеленіскен кезі болған емес. Соны пайдаланып, 1697 жылы қоңтайшы болған Сыбан Раптан таққа отыра сала Тәукемен алысуға бел буды. Бұл қазақ қауымын қатты тітіркентті. «Қайткенде аман қаламыз?» деген сауал кім-кімді де қинады.
Ол кезде қазақ даласында жоңғар басшылығына қарсы тұрар отаншыл күштер де, бұқарашыл саяси ықпал да жеткілікті болғанымен, оның орайын келтірер әскери-саяси мүмкіндіктер жеткілікті болмады. Әсіресе, ол тұстағы Еуразиядағы халықаралық жағдай қазақтардың сөзін сөйлемеді. Сондықтан да, жан-жақтан бірдей жабылған көп жауға бірдей төтеп бере алмайтын болғандықтан, қазақтарға тәсіл өзгертуге тура келді. Бірақ сол кездегі хан, сұлтандар мен би, батырлардың батыстың ыңғайын аңдығандарын да, шығыстың ыңғайын аңдығандарын да, тіпті екеуінің де көңілін бірдей тапқылары келгендерін де «басқа» деп жазғырсақ та, «сатқын» деп жазғыра алмаймыз. Сондықтан ұлттық тарихымыздың ірі тұлғаларына баға бергенде, оларды сол кездегі ара-қатынастың, сол кездегі нақты тарихи мүмкіндіктер мен әлемдік әлеуметтік даму тенденциясы заңдылықтары тұрғысынан кеп баға бергеніміз лазым.

(Ә.Кекілбайұлы. Шығармаларының жиырма томдық толық жинағы. 15-том). Дайындаған Бердалы ОСПАН